Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бас санитарлық дәрігердің жаңа қаулысы күшіне енді - АРҚА АЖАРЫ

Бас санитарлық дәрігердің жаңа қаулысы күшіне енді

Коронавирус инфекциясының өңірімізде кеңінен таралуына байланысты 2021 жылдың 15 шілдесінен бастап облыстың бас санитарлық дәрігерінің Ақмола облысы аумағында карантиндік шектеу шараларын күшейту туралы қаулысы күшіне енді. Індетті тежеу мақсатында тұрғындар көпшілік шараларды өткізуді, қоғамдық орындарға баруды уақытша тоқтата тұрып, қаулыда айтылған шектеулерді орындағандары жөн.

Ақмола облысы аумағында шаруашылық және өзге де қызмет пен халықтың өмір сүруінің ерекше жағдайларын эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін Ақмола облысы аумағында шектеу іс-шараларының жүргізілуі қамтамасыз етілуі тиіс.

Жеке және заңды тұлғалар жеке қорғаныш құралдарын қолдану және кәдеге жарату алгоритмін және кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтауды қамтамасыз етуі керек. Қоғамдық тамақтану объектілерінде, үйде, сонымен қатар ашық ауада отбасылық, естелік және көпшілік жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салынды. Қоғамдық тамақтану объектілерінде және үйде ұйымдастырылған көпшілік жиналатын іс-шараларға, сондай-ақ қызметі Қазақстан Республикасы және Ақмола облысы бас санитарлық дәрігерінің қолданыстағы қаулыларымен шектелген объектілерге барудан бас тарту ұсынылады.

Әлеуметтік қашықтықты және жеке қорғаныш құралдарын қолдану мен кәдеге жаратуды сақтай отырып, ойын-сауық орындарсыз саябақтарға, алаңдарға, скверлерге және өзге де демалыс орындарына топта 3 адамға дейін немесе бір отбасы мүшелеріне баруға рұқсат.

«Ashyq» жобасына қатысатын банкет залдарында 30 адамнан асырмай ас беруге рұқсат етіледі. Кезекші топтарды қоспағанда, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің қызметіне тыйым салынады. Тұрақты және тұрақты емес облысаралық, облыс ішіндегі, қалалық (туристік) тасымал қозғалысы уақытша тоқтатылды. Тұрақты және тұрақты емес облысаралық, облыс ішіндегі, қалалық (туристік) автобус және шағын автобус тасымалы да тоқтады.

«Ashyq» жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда, балалар ойын-сауық орталықтары (жабық үй-жайлардағы ойын алаңдары, аттракцион мен батут) жұмыс істемейді. Саябақ аумағында орналасқан барлық аттракцион түрлері, бильярд, караоке залдары, компьютерлік клубтар, банкет залдары, боулинг клубтар, мәдени объектілер, кинотеатр, театр, концерт залдары, филармония қызметі де тоқтады. Жаңа қаулыға сәйкес, аквапарк және жабық жағажайлар да жұмыс істемейді.

Қала маңындағы жолаушылар поездарының, электр пойыздарының, жалпы вагонсыз жолаушылар поездарының қозғалысына рұқсат берілді. Бір адамға кемінде 4 шаршы метр есебінен, бірақ, 30 адамнан артық емес, бетперде режимі мен әлеуметтік қашықтық сақталып, мешіттер, православие шіркеулері және басқа да діни объектілер аумағында, ашық ауада ұжымдық діни іс-шараларды, оның ішінде «жұма намазы», күнделікті православие дұғалары және басқаларын жүргізуге рұқсат берілді. Сондай-ақ, қаулыда Құрбан Айт мерекесін атап өту іс-шаралары тек онлайн режимде жүзеге асырылуы тиіс деп жазылған.

ҚР БМСД-нің №67 қаулы талаптарын сақтай отырып, толтырылуын 50 пайыздан асырмай және бір адамға 4 шаршы метрден кем емес орын болған жағдайда қоғамдық монша қызметіне рұқсат беріледі.

Мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор органдары, ұлттық компаниялар, өзге де ұйымдар, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілері қызметіне рұқсат берілді. Бұл ретте, штаттық кестеде 20-дан артық қызметкер болғанда, қызметкерлердің кемінде 80 пайызы қашықтықтан жұмыс атқарады. COVID-19-ға қарсы толық вакцинация курсын алған және соңғы 6 айда COVID-19 ауруына шалдыққан барлық қызметкерлерге мекемеде жұмыс атқаруға рұқсат беріледі.

Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – ХҚКО), оның ішінде мамандандырылған ХҚКО-ның, 1414 Call-орталығы мен виртуалды ассистенттердің жұмысы жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) сағат 9-дан 18-ге дейін, сенбі күндері сағат 9-дан 14-ке дейін жұмыс кестесін белгілей отырып, ұйымдастырылуы тиіс. Көкшетау қаласы ХҚКО бөлімдерінде, оның ішінде мамандандырылған ХҚКО-да азаматтарды қабылдауды қатаң түрде Egov.kz немесе 1414 Call-орталығында алдын ала броньдау арқылы жүргізу керек.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар