Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Еңбек адамының құқы жан-жақты қорғалуы тиіс - АРҚА АЖАРЫ

Еңбек адамының құқы жан-жақты қорғалуы тиіс

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақмола облыстық кәсіподақ орталығының төрағасы Қали Рахметов кәсіподақтың ұжымдық келісім-шарты әлеуметтік еңбек қатынастарын реттейтін тетік екенін айтты.

Ұжымдық келісім-шарт – ұйымда әлеуметтік еңбек қатынасын реттейтін еңбеккерлер ұжымы мен жұмыс берушінің арасындағы жазбаша келісім формасында отырылатын локалдық құқықтық акт. Кәсіпорындар мен ұйымдар деңгейінде ұжымдық келісім-шартқа отырудың тәртібі Еңбек кодексінде анықталған. Аталмыш орталық төрағасының айтуынша, облыста 6 250 ұжымдық келісім-шарт, оның 300 биылғы жылы жасалған, 385-нің мерзімі өтіп кеткен екен.

– Облыста 10 988 кәсіпорын жұмыс істейді. Оның 56,9 пайызы ұжымдық келісім-шартқа отырған. Облыс бойынша ұжымдық келісім-шарт саны өткен жылмен салыстырғанда 1,4 пайызға қысқарды. Мәселен, 2019 жылы 623 ұжымдық келісім-шарт күшінің мерзімі өтіп кетті. Ал, қайтадан отырылған келісім-шарттар саны тек 322 құрады. 2019 жылмен салыстырғанда 2020 жылы ұжымдық келісім-шарттарға отыру бойынша өңірлердің белсенділігі азайды. Мәселен, Ақкөл ауданы 2019 жылы 37 келісім-шартқа отырса, 2020 жылы оның саны 9 құрады. Мұндай жағдай Көкшетау қаласында, Егіндікөл, Бурабай, Целиноград, Жарқайың,

Бұланды, Сандықтау, Зеренді, Ерейментау, Астрахан, Атбасар аудандарында қалыптасып отыр. Жалпы, ұжымдық келісім-шарттың тек үштен біріне кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, өзге бөлігіне еңбеккерлердің өкілдері қол қояды. Бұл жақтар қабылдаған міндеттемені бақылауда және орындауда күмән тудырады. Яғни, бұл ұжымдық келісім-шарттар жай тізімге кіру үшін қабылданған. Осы орайда, біз экономикалық қызмет түрлері бойынша шағын, орта және ірі бизнестің 100 ұжымдық келісім-шартына талдау жасадық. Олардың 11 пайызына кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, өзгесіне еңбеккерлердің өкілдері қол қойған. 100 ұжымдық келісім-шарттың 49 ауыл шаруашылығы саласы, 24-іне шағын және орта бизнес, 12 өнеркәсіптік өндіріс және қазба байлығын пайдалану саласы, 9 коммуналдық шаруашылық және 6-уына бюджеттік сала қол қойған.

Ұжымдық келісім-шарттың мазмұнында еңбекақы мен әлеуметтік кепілдік индексация тәртібін орнату шешуші мәселе болып қала береді. 100 ұжымдық келісім-шарттың тек қана 49-ында еңбекақы индексациясы белгіленген,–деген Қали Рахметов жүргізілген мониторинг қорытындысы жөнінде айтып берді. Бүгінгі күні кейбір жұмыс берушілер ұжымдық келісім-шартқа отыруға құлық танытпай отыр. Жұмыс орнының жоқтығы еңбеккерлерді ұсынылған барлық жағдайға келісуге мәжбүрлейді.

Ақмола облыстық кәсіподақ орталығының төрағасы өз сөзінде «Тыныс» акционерлік қоғамының кәсіподақ ұйымы мен әкімшілігі арасында қол қойылған ұжымдық келісім-шартты ерекше атап өтті. Бұл құжат еңбек адамына бағытталған. Қабылданған міндеттемеге сәйкес, өткен жылы бұл кәсіпорын кәсіподақ мүшелеріне 495,6 миллион теңге, оның ішінде зауыттың бір еңбеккеріне 660,0 мың теңге қосымша төлемақы ұсынған екен. Бұл келісім-шартта еңбекақыға 15 пайыз мөлшерде тиімділік коэффициенті, еңбектің зиянды жағдайдағы жұмысына қосымша төлемақы, жұмысшының шеберлігі үшін төлемақы, жұмысшының жыл сайынғы еңбек демалысын ұсыну кезінде сауықтыру жәрдемақысы тәрізді шаралар қарастырылыпты. Сондай-ақ, «СЕМИЗБАЙ-U» және
«RG Gold» серіктестерінің ұжымдық келісім-шарты еңбек жағдайын жақсартуға бағытталған екен.

– Жұмыс берушінің басты мақсаты – кіріс. Бұл мақсат еңбектің жоғары тиімділігі кезінде жүзеге асуы мүмкін. Оған білікті әрі жауапты еңбеккерлердің және ұжымдық келісім-шарттың арқасында қол жеткізуге болатыны белгілі,–деген орталық төрағасы жыл басынан бері атқарған жұмысы жөнінде айтты.

Рамазан ТІЛЕУОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар