Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Үгіт науқаны басталды - АРҚА АЖАРЫ

Үгіт науқаны басталды

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақмола облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Манарбек Сәдуов 25 шілдеде болатын аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің сайлауына кандидаттарды тіркеу қорытындысы және сайлау алдындағы үгіт жұмыстарының басталғаны туралы айтып берді.

Ақмола облысының 95 сайлау округына 318 кандидат ұсынылыпты. Оның 100-і саяси партиялардан, 218-і өзін өзі ұсынғандар. Биылғы жылдың 14 шілдесіндегі сағат 18.00-дегі жағдай бойынша 303 кандидат тіркелген екен. Оның 93-і саяси партиялардан, 210 өзін-өзі ұсынғандар.

– Орташа бәсекелестік 3,2 адамды құрайды. Кандидаттардың ең көп саны – Ерейментау қаласында, Қорғалжын ауданының Сабынды селолық округында, Шортанды ауданының Бозайғыр селолық округында бес-бестен келеді. 12 сайлау округында 4 кандидаттан, 80 округте 3 кандидаттан келеді, сайлау округтарында 2 кандидаттан жоқ. Алты саяси партия 85 сайлау округі бойынша кандидаттарын ұсынды.

Атап айтқанда, «NurOtan» партиясынан 76 кандидат, «Ауыл» халықтық демократиялық саяси партиясынан 2 кандидат, «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясынан 6 кандидат, «ADAL» саяси партиясынан 2 кандидат, Қазақстан Халық партиясынан 13 кандидат, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан 1 кандидат ұсынылған болатын.

Сөйтіп, 85 сайлау округі бойынша «NurOtan» партиясынан 76 кандидат, «Ауыл» халықтық демократиялық саяси партиясынан 2 кандидат, «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясынан 5 кандидат, «ADAL» саяси партиясынан 2 кандидат, Қазақстан Халық партиясынан 7 кандидат, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан 1 кандидат тіркелді, – деген комиссияның төрағасы биылғы жылдың 14 шілдесіне дейін 15 кандидат тіркеуден әртүрлі себептер бойынша алып тасталынғанын айтты. Оның 9-ына сәйкес келмегендіктен рұқсат берілмепті. Алтауы өз кандидатурасын алып тастау жөнінде өтініш берген екен. Одан әрі Манарбек Сәдуов тоғыз сайлау округында 2 саяси партия, 75-де 1, он бірінде тек өзін-өзі ұсынғандар бар екенін айтты.

– 157 кандидат мемлекеттік қызметші болып табылады. Оның 53-і нақты селолық округтағы әкім сайлауына қайтадан түсуде. 14-і коммерциялық құрылым өкілдері, 78-і бюджеттік ұйым қызметкерлері, 7-і уақытша жұмыс істемейтіндер. 303 кандидаттың 100-і әйелдер. Кандидаттар арасында 12 ұлттың өкілі бар. Кандидаттар қатарында «Болашақ» түлектері жоқ. Орташа жас 41,8-ді құрайды. 124 кандидат селолық округте, 169-і ауданда, 5-еуі облыста, тағы 5-еуі өзге өңірде тұрады,–деді ол өз сөзінде.

Брифинг барысында Ақмола облыстық сайлау комиссиясының хатшысы Николай Политкин сайлау алдындағы үгіттің басталғаны және оның 24 шілдеге дейін қалай жүргізілетіні жөнінде айтып берді. Мемлекет үгіт жұмысына республикалық бюджет есебінен барлық кандидатқа қаржы бөлініп, оны жұмсау тәртібін белгіленіпті. Бүгінгі таңда сайлау комиссиясы демалыссыз жұмыс істеп, сайлау участоктарын ретке келтіруде. Брифинг соңында журналистер өз сауалдарына да жауап алды.

Рамазан ТІЛЕУОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар