Декларацияларды тапсыру бойынша электрондық сервистер бірнеше алаңдарда жүзеге асырылды. Азаматтарға салық декларацияларын тапсыру барысында ыңғайлы болу үшін Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясының инфрақұрылымын кеңейту бойынша шаралар қабылданды.
Сондай-ақ, бұл қызметтер қағаз тасығыштарда және онлайн-сервистер арқылы қолжетімді. Салық декларациясын қағаз жеткізгіште Халыққа қызмет көрсету орталығына, мемлекеттік кіріс органдарына не пошта бөлімшелері арқылы ұсынуға болады.
Декларацияны электронды форматта тапсыру үшін мемлекеттік корпорацияның «Connection Point» фронт-офистері өзіне-өзі қызмет көрсету секторымен жабдықталған.
Бұдан басқа, халыққа ыңғайлы болу үшін декларацияларды тапсыру бойынша электрондық сервистер: «Салық төлеушінің кабинеті», «Электрондық үкіметтің» веб-порталы және «Е-Salyq Azamat» мобильдік қосымшасы арқылы іске асырылды. Осылайша азаматтар ЭЦҚ алуға онлайн өтінім бере алады, ал, «Салық төлеушінің кабинетіне» смс-код арқылы ЭЦҚ-сыз кіруге болады. Осының барлығы жалпыға бірдей декларациялау кезеңінде жеке тұлғалардың салық декларацияларын қабылдауды уақтылы ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Ақмола облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі.