Бурабай ауданы экономикасының басым бағыттарының бірі – туризмді дамыту. Туристік қызмет көрсету инфрақұрылымы сыйымдылығы 13 мың орыннан асатын 178 нысанды қамтиды. Орналастыру нысандары көрсететін қызметтің сапасын арттыру мақсатында санат беру жұмысы белсенді жүргізілуде.

Бүгінгі күні Бурабай ауданы аумағындағы 22 нысанның санаттық сертификаты бар. Щучинск-Бурабай курорттық аймағын одан әрі дамыту мақсатында биылғы жылы 6 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жалғастырылды. Оның ішінде жол мен су құбыры жүйесінің құрылысы, кәріз тазарту жұмысы бар.

Бұл жұмыстарға биылғы жылы барлық деңгейдегі бюджеттерден 4 миллиард теңге қаржы бөлінді. Сөйтіп, курорттық аймақта құрылыс жұмысы жанданды.

Рамазан ТІЛЕУОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Бурабай ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар