Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Менің Отаным – менің Қазақстаным!» - АРҚА АЖАРЫ

«Менің Отаным – менің Қазақстаным!»

Облысымызда бірнеше ай бойы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Менің Отаным – менің Қазақстаным» сәндік-қолданбалы өнер шеберлері мен қолөнершілерінің облыстық байқауының аудандық кезеңдері өтуде.

Байқау қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, шеберлердің шығармашылық әлеуетін іске асыру, қазақ ұлттық өнерін дамыту және еңбек құндылықтарын ілгерілету мақсатында өткізіліп отыр. Осыған орай, Ерейментау ауданында қолөнер шеберлерінің шығармашылық жұмыстарының көрмесі өтті.

–Ауданымыздың түкпір-түкпірінен келген 11 шебер көрмеде ағаштан, былғарыдан, киізден, жүннен, бисерден, ұлттық нақыштағы бұйымдардан өз жұмыстарын ұсынды. Қатысушылар өз өнімдерін көрсетіп қана қоймай, оларға әріптестерімен жемісті қарым-қатынас орнатуға, тәжірибе жинауға және кәсіби шеберліктерін арттыруға мүмкіндік берілді, – дейді осы ретте, аудандық ішкі саясат бөлімінде.

«Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Ермек Нұғыманов бастаған қазылар алқасының мүшелері ұсынылған жұмыстардың жоғары көркемдік деңгейін, қатысушылардың техникасы мен шеберлігін ерекше атап өтті.

–Біздің арамызда еліміздің тарихы мен мәдениетін жақсы көретін көптеген талантты және шығармашыл адамдар бар және бұл олардың жасаған бұйымдарынан жақсы көрініс тапқан. Біз барлық қолөнер шеберлеріне халқымыздың бай мәдени мұрасына осындай жанашырлықпен қарайтындары үшін алғыс айтамыз, – деді Ермек Бекенұлы өз құттықтау сөзінде.

Қазылар алқасының шешімімен бас жүлдені Торғай ауылынан келген Әлем Нахшир жеңіп алды, ол байқауға бас киімдер, ұлттық стильдегі аяқ киім, ат әбзелдерінің түрлерін ұсынды. Барлық жүлдегерлер мен қатысушылар мақтау қағаздарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Ерейментау ауданы.
Суреттерде: байқауға қатысушылардың қолөнер бұйымдары.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар