Аумақтық сайлау комиссиясының мәліметтеріне сүйенсек, жалпы, облысымызда 95 әкім сайланатын болады, бұл өңіріміздегі әкімдердің 40 процентін (239) құрайды.
Сайлаушылардың толық және нақты тізімі ұсынылды. Әкімдердің сайлауы өтетін аймақтарда 99813 сайлаушы бар, яғни бұл халықтың жалпы санының (516014 адам) 19 пайызы болып табылады. Сонымен қатар, сайлау учаскелерінің шекаралары мен орталықтарына талдау жүргізілді, нәтижесінде, сайлауға 218 сайлау учаскесі, 20 аумақтық сайлау комиссиясы мен 1288 комиссия мүшелері жұмылдырылды.
Жалпы, облыс бойынша 318 кандидат ұсынылды, оның ішінде 296 кандидат тіркеуден өтті.
Кандидаттардың ішінде 9 үміткер біліктілік талаптарына сай болмағандықтан, 5 үміткер Мемлекеттік кірістер департаменті тексерісінің нәтижесі бойынша, 8 үміткер өз еріктерімен тіркеуден алынды. Тіркелген 296 үміткердің ішінен 76 -сы «Nur Otan», біреуі – «Ауыл», 4 үміткер – «Ақжол», 1 үміткер – «Адал» партияларының, 7 үміткер — Қазақстан халық партиясының атынан тіркелсе, ал 207 үміткер өздігінен ұсынылған кандидаттар болып табылады.
Бұдан бөлек 369 сенімді өкіл тіркелді, атап айтсақ, «Nur Otan» партиясынан 350, «Ақжол» партиясынан 1, «Адал» партиясынан 3, Қазақстан халық партиясынан 15 өкіл тіркелген.
Сонымен қатар, 493 бақылаушыдан тұратын тізім қалыптастырылды.
Қорыта келе, ауылдық округтардың 95 әкімін сайлау облыстың барлық 19 өңірінде өтетін болады. Бұл ретте, 66 әкім өкілеттік мерзімі өткендіктен, 29 әкім өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылғандықтан сайланатын болады.