Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Өнеркәсіпті жандандыру – тұрақты даму үрдісін қамтамасыз ету - АРҚА АЖАРЫ

Өнеркәсіпті жандандыру – тұрақты даму үрдісін қамтамасыз ету

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауына орай жергілікті атқарушы органдардың барлық күш-жігері пандемия мен дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың себеп-салдарына қарсы тұрып, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптің әлеуетін арттыру арқылы халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталуда.

Мемлекеттік индустрияландыру бағдарламасының басымдықтарына сәйкес, Аршалы ауданының өнеркәсіп секторын дамыту жалғасуда. Облыстың жалпы өндіріс көлеміндегі бұл өңірдің үлес салмағы 2,9 пайызды құрады. Ағымдағы жылдың қаңтар-сәуір айларында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 9,6 миллиард теңгені құрап, өткен жылға қарағанда 23,6 пайызға артты. Нақты көлем индексі 114,5 пайызды құрады. «ҚазШпал» акционерлік қоғамы, «Аркада Индастри», «Жамилә» серіктестігі қарқынды өсімді қамтамасыз етіп отырған кәсіпорындар болып табылады. Жыл басынан бері ауыл шаруашылығының өсімі 1,3 пайызға артып, өндірілген өнім көлемі 4 миллиардтан астам теңгені, ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің нақты көлем индексі 75,3 пайызды құрады.
Ағымдағы жылы ауданның ауыл шаруашылығы құрылымдары жалпы сомасы 1,1 миллиард теңгеге 36 ауыл шаруашылық техникасын сатып алды. Биылғы жылы суармалы жерлердің көлемі 28 пайызға, яғни, 243 гектарға ұлғайтылды. Өткен жылы жалпы саны 404 бас етті тұқым бағытындағы 3 ферма және 2 тауарлы-сүт фермасы құрылды. Герефорд тұқымдас 40 бас ірі қара, симментал тұқымды 33 бас ірі қара мал сатып алынды. Шағын және орта бизнес саласында оң нәтижелер бар. Жұмыс істеп тұрған шағын орта бизнес өсімі 107,0 пайызды құрап, 1467 кәсіпкерлік субъектіге жетті. Өткен жылы ауданның өнеркәсіп кәсіпорындарымен 1,1 миллиард теңгенің өнімі өндірілді. «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында жалпы сомасы 12,1 миллиард теңгенің екі жобасы қолға алынды. Есептік кезеңде негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 5,1 миллиард теңгені құрады. Өңірде жалпы сомасы 124,5 миллиард теңгенің 15 инвестициялық жобасы жүзеге асырылуда. Бөлшек тауар айналымының көлемі 1,3 миллиард теңгені құрады.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру жұмысы жүргізілуде. Облыстық көлемдегі құрылыс жұмыстарындағы ауданның үлесі 6,1 пайызды құрады. Есепті кезеңде 8 639 шаршы метр пайдалануға берілді. Ауданда автокөлік жолдарының сапасын арттыру өзекті мәселе болып табылады. Ағымдағы жылы ауданның автокөлік жолдарын жөндеуге 500 миллион теңге қаржы бөлінді. Аудан тұрғындарының 40 пайызы сапалы ауыз сумен қамтылды. COVID-19 пандемиясы денсаулық сақтау жүйесі үшін үлкен сынға айналды. Коронавирустық індетпен күреске 124,7 миллион теңге бөлінді. Бұл инфекцияны емдейтін 70 орындық стационар ашылды. Ағымдағы жылғы аудан бойынша 3558 адам бірінші рет, 2111 адам екінші рет вакцина салдырды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Аршалы ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар