Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ұлттық Банктің Ақмола филиалы жүзеге асыратын мемлекеттік қызметтер туралы - АРҚА АЖАРЫ

Ұлттық Банктің Ақмола филиалы жүзеге асыратын мемлекеттік қызметтер туралы

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес көрсетілетін қызметтерді алушылардың өтініштері бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі болып табылады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Ұлттық Банктің Ақмола филиалы «Уәкілетті ұйымдардың қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті жүзеге асырады.
Мемлекеттік қызметтер көрсетудің талаптары мен тәртібі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 4 сәуірдегі № 49 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыру қағидаларына 4-1-қосымшада белгіленеді.
«Уәкілетті ұйымдарға қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Электрондық үкімет» (www.egov.kz), «Электронды лицензиялау» (www.elicense.kz) веб-порталдары арқылы жүзеге асырылады. Бұл мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу үшін қызмет алушының қолданыста электрондық сандық қолтаңбасының (ЭСҚ) болуы – маңызды шарты болып табылады.
«Уәкілетті ұйымдарға қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» қызметті көрсетуде қызмет алушы қызметтің жеке түрімен айналысу құқығы үшін белгіленген мөлшерде лицензия алымын: лицензия немесе оның телнұсқасын алу үшін 40 айлық есеп көрсеткішін (бұдан әрі – АЕК), лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензияны беру мөлшерлемесінің 10 пайызын төлейді, алайда, ол 4 АЕК аспауы тиіс.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша толық ақпарат Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-
ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсыну тәртібіне қатысты барлық мәселелер бойынша қызмет алушы Көкшетау қ., М.Әуезов көшесі, 214 мекенжайы бойынша орналасқан Ұлттық Банктің Ақмола филиалына жұмыс күндері, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, 9.00-ден 18.30-ға дейін келіп ақпарат алуға немесе 8(7162) 55-18-00, 55-18-04 телефон нөмірлері арқылы және Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері туралы қызмет алушыларға ақпарат беру жұмысын қамтамасыз ететін ақпараттық-анықтама қызметінің Бірыңғай байланыс орталығына 1414, 8-800-080-7777 (қоңырау шалу тегін) телефон нөмірлері арқылы хабарласуларына болады.
«ҚР Ұлттық Банкі» РММ Ақмола филиалының ақпараты бойынша.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар