Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тұңғыш рет университеттің өзінің дипломдары тапсырылды - АРҚА АЖАРЫ

Тұңғыш рет университеттің өзінің дипломдары тапсырылды

Биыл Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетін ойдағыдай аяқтаған 1629 бакалавр мен 111 магистрге алғаш рет университеттің өз үлгісіндегі дипломдар тапсырылды, олардың ішінде 202 студент оқуды үздік дипломмен аяқтады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аталмыш білім ордасының оқу және оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры Сансызбай Мемешов мәлімдеді.

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетіндегі білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз ету Білім және ғылым министрлігі бекіткен нормативтік құжаттарға, университеттің ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес жүргізіледі. Оқу-әдістемелік қызмет Болон процесінің негізгі қағидаттарын ұстанады. Жоғары оқу орнында күндізгі оқыту формасы бойынша 4983, күндізгі қашықтықтан – 1112, сырттай – 541, кешкі – 25, барлығы 6661 студент білім алады. Студенттерінің сапалық құрамы бойынша Алтын белгі иегерлері күндізгі оқу формасындағы студенттердің 6,7 пайызын құрайды және 314 шетелдік студент бар.
–Университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы 410 адамды құрайды, ғылыми дәрежесі бар оқытушылар 139, оның ішінде 21 ғылым докторы, 94 ғылым кандидаты, 24 оқытушыда философия докторы (PhD) дәрежесі бар. Ғылыми дәрежелі оқытушылардың үлесі 34 пайызды құрайды. Кадрлық құрамды нығайту үшін кешенді шаралар қолданылуда, бұл үшін дарынды жастарды ғылыми-педагогикалық қызметке тартып, республика мен шетелдің жетекші ғалымдарын шақырудамыз. Соңғы 2 жылда 17 докторант диссертация қорғады,
2 ғылым докторы және 7 ғылым кандидаты жұмысқа алынды. Қазақстанның жоғары оқу орындарының мақсатты PhD докторантурасында, оның ішінде әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде 16 адам оқиды, 3 адам шетелдік докторантурада, 41 докторант университетімізде білім алуда, –деді проректор.
Университетте біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін жағдайлар қалыптасқанда, арнайы кеңес белгілі бір бағыттар бо-
йынша лицензияларды қайтару жөнінде шешім қабылдайды екен. Онда білім беру бағдарламалары жұмыс берушілермен бірлесе жасалып, өндірістен тәжірибелі мамандар практикалық сабақтар жүргізуге тартылады, осындай 64 маман биыл сабақ жүргізіпті.
–Білім сапасын нақтылайтын негізгі көрсеткіштердің бірі республикалық пәндік олимпиаданың нәтижелері болып табылады. 2020 жылы пәндік олимпиаданың нәтижелері бойынша биология білім беру бағдарламасының студенті Құдабай Әділхан бірінші орынды иеленді, жалпы университетте 12 студенті олимпиада жүлдегері атанды. Ал, 2021 жылы осындай олимпиаданың нәтижелері бойынша география және химия білім беру бағдарламасының студенттері бірінші орынды иеленді, жалпы 21 бағдарлама жүлделі орынға ие болды, –деп атап өтті Сансызбай Қойшыбайұлы.
Практикаға бағытталған оқытуды жолға қойып, кәсіпорындармен ынтымақтастық орнату мақсатында меморандумдар жасалған. Университет түлектерін даярлау сапасын бағалаудың маңызды көрсеткіші олардың еңбек нарығындағы сұранысы болып табылады, бұл орайда түлектерді жұмыспен қамту бойынша мақсатты жұмыстар жүргізілуде екен. 2020 жылғы түлектерді жұмыспен қамту көрсеткіші 79,1 пайызды құрапты.
Университеттің 5 оқу ғимаратындағы аудиториялар мен зертханалар сапалы білім алу үшін заманауи құралдармен жабдықталған,
5 студенттік жатақханада білім алушылардың тұрмысына қажетті барлық жағдайлар жасалып, ішкі және сыртқы бейнебақылау камералары орнатылған екен.
Қорыта айтқанда, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің барлық білім беру бағдарламалары аккредитациялаудан өткен, агенттік рейтінгі бойынша 9 орында тұрған көп профильді университет.

Суретті түсірген Советбек МАҒЗҰМОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар