Қоғамдық қабылдауға келушілер қатары көп

«Nur Otan» партиясының Ақмола облыстық филиалы азаматтарды қоғамдық қабылдауды жүйелі түрде жүргізіп келеді. Биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығында өткен қоғамдық қабылдауларда күнделікті өмірде жиі кездесетін өзекті мәселелер көптеп көтеріліп, олардың басым дені оң шешімін тапты.

«Nur Otan» партиясының Ақмола облысындағы аймақтық филиалдарында бүгінде 21 қоғамдық қабылдау жұмыс істейді, олардың біреуі аймақтық, қалған 20-сы аумақтық. Есептік кезеңде тұрғындарға «Халыққа көмек», «Заңгерлік көмек» тәрізді партиялық жобалар аясында түсініктемелер беріліп, өтініштері бойынша мәселелері жан-жақты қарастырылды. Осы екі жобаның алғашқысы бойынша облыстың қоғамдық қабылдауларына 3488 адам өтінішпен келген. Осы арыз-шағымдардың 98 пайызы қарастырылып, олардың 1863-і немесе 53 пайызы оң шешімін тапты және 1558-і немесе 45 пайызына түсініктеме берілді. Қалған 67 арыз-шағым немесе істің 2 пайызы әлі қарастырылу үстінде.
Есепті кезең ішінде өтініш бергендердің 64 пайызы – әйелдер қауымынан болса, 15 пайызы көп балалы және толық емес отбасылар, 19 пайызы ерекше қажеттіліктері бар адамдар мен зейнеткерлер.
Арыз-шағымдардың аумақтық бөлінісіне қарай қарастыратын болсақ, облыстық филиалға келіп түскен өтініштер саны 20 па-
йызды құраса, Степногорск қаласында 6 пайыз, Көкшетау қаласы мен Целиноград, Жақсы, Атбасар, Сандықтау аудандарының филиалдарында 5-5 пайыздан түскен. Партияның қоғамдық қабылдау бөлмелерінде азаматтар бекітілген регламент пен арнайы кестеге сәйкес қабылданды. Есептік кезеңде жалпы 1438 қоғамдық қабылдау жүргізілді, оның барысында 2470 азамат қабылданды, өтініштердің 53 пайызы оң шешілді. Барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары 443 қабылдау өткізіп, өңір тұрғындарынан 787 өтініш қабылданды, өтініштердің 66 пайызы оң шешімін тапты. Жергілікті атқарушы органдардың басшылары 428 азаматты қабылдап, олардан 758 өтініш түсті, өтініштердің 44 пайызы оң шешілді.
«Заңгерлік көмек» партиялық жобасы аясында заңгерлер, нотариустар, медиаторлар алғашқы жартыжылдықта 300 қабылдау өткізіпті. Соның ішінде 405 адамға консультативтік кеңес берілді. Сонымен бірге, «Халыққа көмек» жобасы аясында 47 тақырыптық қабылдаулар өткізіліп, оның барысында 134 өтініш алынды, жылжымалы қабылдаулар арқылы 149 қабылдау өткізіліп, 247 адамның өтініш-арызы тыңдалды.
Сонымен бірге, қабылдауларда әлеуметтік қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмекті ресімдеу, мүгедектікті алу және материалдық көмек беру бойынша 864 өтініш түсіпті, солардың 608-і немесе 71 пайызы оң шешімін тапқан екен. Шағымданушылардың арыздары ішінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына қатысты түскен мәселелер де жеткілікті. Бұл тақырыптағы арыздардың 59 пайызы оң шешімін тапты. Бұл шағымдар ішінде тұрғындарды электрмен, сумен, жылумен қамтамасыз ету, елді мекендерді көркейту мәселелері өзекті саналады. Биылғы қыстың жауын-шашынды болуы-
на байланысты тұрғындар көбінесе жолдар мен аулаларды қардан тазартып, ашу мәселесін де жиі көтеріпті. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету мәселесі де қоғамдық қабылдауларда жиі қозғалады, бұл тұрғыдағы мәселелер жалпы шағымдардың 13 пайызын құраған, алайда, аталған мәселе тез шешімін таба қоймайды.
Енді арыз-шағымдарға жекелей тоқталсақ, бірде облыстық филиалдың қоғамдық қабылдауына мүгедектікті ресімдеу және мерзімі өтіп кеткен жеке куәлігін қайта алуға көмек көрсету үшін Сергей Наджанов есімді азамат келді. Денсаулығына шағымданған ол бұрын медициналық мекемелерге қанша барса да, мүгедекті ресімдеуге рұқсат бермегендігін жеткізген. Партия өкілдері денсаулық сақтау басқармасымен, еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Ақмола облыстық департаментімен бірлесіп, мүгедектікті анықтау бойынша кешенді тексеру жүргізді, нәтижесінде арызданушы Сергей Наджановқа екінші топ мүгедектігін алып берді және «Азаматтарға арналған Үкімет» порталының облыстық филиалының басшылығына хабарласып, азаматқа жеке куәлігін қайта жасауға көмек қолын беруге ұсыныс жолдап, оны да оң шешіп берді. Өтініші шешімін тапқан Наджанов партия филиалының өкілдеріне алғысын жеткізіп, ризашылығын білдірді. Мұндай құжат мәселесі бойынша белгісіз себептермен «қайтыс болды» деп танылған, алайда тірі жүрген зейнеткердің зейнетақысы тоқталып қалғаны туралы шағым түскен. Бурабай ауданының қарт тұрғыны тап болған мұндай немқұрайлы жағдайды да ұйым өтініш берушінің орайына оң шешіп, көмек көрсетті. Қазіргі уақытта зейнеткер зейнетақысын ай сайын алып отыр.
Қоғамдық қабылдаулар аудандық ұйымдарда да жиі өткізілетіндігінің дәлелі ретінде, келесі мысалдарды келтірсек. Мәселен, «Халыққа көмек» жобасы аясында Зеренді аудандық мәслихатының депутаты, «Рейн» ЖШС-нің басшысы Александр Сусинге «Арайлы» бөбек-жайының меңгерушісі өтінішпен келіп, бүлдіршіндер мекемесінің ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған сенсорлық кабинетіне құрал-жабдық алып беруге көмек көрсетуді өтінген болатын. Сенсорлық бөлме қазіргі уақытта балабақшалар мен арнайы қосымша білім беретін мекемелерде ашылып жатыр, ол баланың сезімталдығы мен психологиялық дамуына жақсы әсер етеді. Осы жағдайды ескере келе, серіктестік басшысы бұл мәселенің оң шешімін тауып, қажетті құрал-жабдықтарды алып беруге көмек қолын созатын болды. Сондай-ақ, Сандықтау ауданында аталған жоба аясында өткен қоғамдық қабылдауға әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын айтып келген көп балалы әке Иван Попивчактың отбасына «СПХ Байдалы-2» серіктестігінің директоры Марат Оразалин Веселое селосында кең әрі үлкен, әдемі үй салып беріп, кілтін тапсырды.
Міне, осылайша партиялық жобалардың төңірегінде шешімін оң тауып жатқан мәселелер жетерлік. Бұдан халықтың «Nur Otan» партиясынан шыққан халық қалаулыларына деген оң көзқарасын байқауға болады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар