Вакцина алғаннан кейін қанша қазақстандық коронавирус жұқтырды

ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова вакцина салдырса да, коронавирус жұқтырған қазақстандықтардың статистикасын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Спикердің айтуынша, қазіргі уақытта вакцинациядан кейін 6 420 адам ауырып қалған. Оның ішінде «Спутник» алған 5 511 адам, «Hayat Vax» – 665, «QazVac» – 113 және «CoronaVac» салдырған 124 адам бар. «Айта кетейік, мұнда әлі де вакцина алғандардың үлесі өте аз: екпе салдырған 5,2 миллион адамның 0,1% ғана ауырып қалған. Бұл вакцинаның тиімді әсер ететінін, яғни аурудан қорғайтынын көрсетеді. Және вакциналаудың дельта-штаммнан да қорғай алатынын көрсетеді»,-деп түсіндірді Айжан Есмағамбетова ОКҚ брифингінде журналистер сұрағына берген жауабында. Айта кетейік, Қазақстан коронавирусқа қарсы тағы бір қытайлық вакцина сатып алуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтып берді.

Дереккөз: www.inform.kz

 2,303 total views,  4 Views Today

By admin

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Өзге де жаңалықтар