Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Олимпиада күнделігі - АРҚА АЖАРЫ

Олимпиада күнделігі

Апта ортасында Токиода өтіп жатқан Олимпиада ойындарында Қазақстанның қоржынына тағы бір қола медаль қосылды. Оны біздің елге ауыр атлетші Зульфия Чиншанло жеңіп алды.

55 келіге дейінгі салмақта отандасымыз екі бағдарламаның қорытындысы бойынша 213 келіні еңсерді. (90+123). Осылайша Қазақстан құрамасының бұл Олимпиадада тағы бір мәрте бәсі жоғары болды.
Өкінішке орай, тағы бір үкілі үмітіміз Ирина Рыбакина теннистен Олимпиаданың финалына шыға алмады. Оны осы жолда жартылай финалда швейцариялық Белинде Бенчич тоқтатты. Тартысты өткен сайыс нәтижесі 6:7 (2:7), 6:4, 3:6 есебімен соның пайдасына шешілді. Енді жерлесіміз қола медаль үшін украиналық Елена Свитолинамен тартысқа түседі.
Қазақстандық жүзгіш, Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин да 200 метр қашықтыққа брасс әдісімен жүзуден финалға шыға алмады. Бұл оның қолайына келген қашықтығы болса да, екінші жартылай финалда 2:09.22 минут уақытпен мәре сызығына жетінші болып келді. Ал, бұл үздіктер қатарында жарыстың финалдық кезеңінде өнер көрсетуіне мүмкіндік бермеді.
Бір қуанарлығы, бокстан Қазақстан құрамасының капитаны әрі Олимпиаданың ашылу салтанатында еліміздің көк байрағын ұстап шыққан Қамшыбек Қоңқабаев Олимпиададағы өзінің алғашқы кездесуін жеңіспен бастады. Ол төрешілердің бірауызды шешімімен Египеттен келген боксшы Есри Мостафу Резканы тізе бүктірді. Бұдан бұрын жартылай финалға қазақстандық тағы бір боксшы Абылайхан Аманқұл шыққан болатын. 75 келі салмақ дәрежесінде ол өзбек Фанат Кахрамоновты нокдаунмен жеңген еді.
Бұл Олимпиадада әсіресе, үміт артқан ауыр салмақтағы боксшымыз Василий Левиттің өз қарсыласынан нокаутпен ұтылып қалғаны арқамызға аяздай батты. Токиодағы байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасының сапында Сәкен Бибосынов (52 келі), Закир Сафиуллин (63 келі), Аманқұл (75 келі) және Қоңқабаевтың (+91 келі) жарысты әрі жалғастыратыны көңілге демеу. Енді осы боксшыларымызға сәттілік тілейміз!

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар