Көкшетаудың танымал суы пәтер де сыйлайды

Қазіргі таңда «Көкшетау минералды сулары» акционерлік қоғамының «TURAN» брендімен шығарылатын сапалы сусындары көпшілік арасында мол сұранысқа ие болып отыр.

Серіктестік басшылығының айтуынша, қазіргі таңда компанияның ұйымдастыруымен республикалық акция жүріп жатыр. Шарт бойынша, егер кез-келген адам «TURAN» брендінің сусынын сатып алса, оның қақпағының астында промокод болады екен. Соны ол 7102 нөміріне смс арқылы жолдаса, бірден акцияға қатысу мүмкіндігіне ие болмақ. Өздеріңізге белгілі, «TURAN» брендімен түрлі сусындар шығарылып жатыр. Олардың қатарында салқын шайлар, лимонадтар, табиғи сулар бар.
Республикалық акция ағымдағы жылдың 1 шілдесінен 30 қыркүйекке дейін жалғасын табады. Мұндай акция 2019 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Өткізілген алғашқы жылы 500 мыңнан астам қазақстандықтар қатысқан екен.
Ойын шарты бойынша әр апта сайын Айфон 12 және тағы басқа заманауи компьютерлік құрал-жабдықтар ойнатылуда. Сонымен қатар, әр бесінші промокод үшін телефон нөміріне 100 теңге теңгерім толтырылып отырады. Акцияда барлығы 100 мың сыйлық ұтыс қарастырылған, оның ішінде ең басты жүлде – Нұр-Сұлтан қаласындағы екі бөлмелі пәтер ойнатылатын болады.
Отандық өнімді тұтынып, баспаналы болыңыз!

Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар