Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жаңа тұрғын үй күн сайын биіктеп келеді - АРҚА АЖАРЫ

Жаңа тұрғын үй күн сайын биіктеп келеді

Облыс орталығы Көкшетау қаласында көптеген зәулім ғимараттарды салып, қаланың кеңейіп өсуіне, өзіндік үлесін қосып келе жатқан құрылыс ұйымдарының қатары көп. Солардың бірі – «UK-Строй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Мұңда тәжірибелі құрыш қолды құрылысшылар көптеп еңбек етеді.

Бүгінгі таңда серіктестік құрылысшылары Көкшетау қаласындағы Н.Назарбаев даңғылы мен Наурызбай батыр көшелерінің қиылысындағы 9 қабатты, 80 пәтерлі үйдің құрылысын жүргізуде. Зәулім ғимараттың құрылысы 2021 жылдың мамыр айында басталған. Құрылысшылар жылдың төрт маусымында да құрылыс жұмысын бір сәт те тоқтатпай, еселі еңбек етуде. Құрылыс нысанын 2022 жылдың наурыз айында аяқтауды жоспарлап отыр.
«UK-Строй» серіктестігінің тас қалаушысы Темірлан Мұхамедқалиев құрылыс саласында көп жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан тәжірибелі жұмысшы. Осыдан бес жыл бұрын алғаш рет құрылыс алаңына келген ол бүгінде серіктестіктегі құрыш қолды құрылысшылардың алдыңғы легінен табылуда.
Ғимараттарды салуға қатысып, үлесін қосып жүрген бетон құюшы жігіттердің де жұмыстарын атап өтуге тұрарлық. Дәулен Ерасыл мен Ерлан Қажығалиевтер де өз жұмысына аса ыждаһаттылықпен қарай білетін нағыз шеберлер. Нұрсұлтан Ақжігітов болса, көп жылдан бері құрылыс саласында қажырлы еңбек етіп жүрген тәжірибелі тас қалаушы.
Қазақта құрылысшының қолы алтын деген сөз бар. Өйткені, кез-келген экономиканың іргетасын құрылысшылардың алтын қолынан шыққан нысандар құрайды. Құрылысшы мәртебелі мамандық. Осыны жастайынан зердесіне тоқыған Мадияр Оразалы мен Берік Бораншин де ғұмыр жолдарын осы мамандықпен сабақтастыруды жөн санаған. Берік орта мектепті тәмамдаған соң жұмысшы мамандығына оқуға түсіп, дәнекерлеуші мамандығын таңдап, Көкшетау қаласы техникалық лицейін ойдағыдай тәмамдап шықты. Қазір еңбегінің жемісін көруде. Бүгінде Берік жас болса да, серіктестікте біраз тәжірибе жинақтап, өз ісін тыңғылықты білетін кәсіби шебер ретінде танылып, еңбеккерлігімен көзге түсуде. Құрылыс нысанының сапалы болуы біртұтас ұжымның бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, бірлікпен ұйымдасып атқарған еселі еңбегінің жемісінен. Аталмыш нысанда уақытпен санаспай жұмыс істеп жүрген білікті мамандардың бірі жүргізуші-крановщик Марат Ушинбаев есімді азамат. Ол техникасын күтіп ұстай біледі, қашанда жұмысқа сақадай сай.
Облыс орталығында салынып жатқан тоқсан пәтерлі тұрғын үйдің басы-қасында қажырлы еңбек етіп жүрген осы азаматтар. Мереке қарсаңында «UK-Строй» серіктестігінің жұмысына серпін беріп жүрген құрыш қолды құрылысшыларды кәсіби мерекелерімен құттықтап, қызметтеріне табыс, отбастарына амандық тілейміз біз де!
Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар