Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Абхазия және Оңтүстік Осетиядан әкелінген автокөліктерді кедендік тазартудан кейін пайдалануға болады - АРҚА АЖАРЫ

Абхазия және Оңтүстік Осетиядан әкелінген автокөліктерді кедендік тазартудан кейін пайдалануға болады

Өңірде Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мен Әкімшілік полиция қызметкерлерінің Абхазия мен Оңтүстік Осетия Республикаларынан әкелінген автокөліктер бойынша бірлескен рейдтік іс-шаралары өтуде.

Аталған автомашиналар Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) кедендік аумағына Ресейдің өткізу пункттері арқылы уақытша әкелінеді, олар өз мәртебесі бойынша шетелдік тауарлар болып табылады (яғни ЕАЭО тауарлары болып табылмайды) және кедендік бақылауда болады.

Егер көлік құралының иесі Абхазия, Оңтүстік Осетия заңды тұлғасы болса — көлік құралының кедендік декларациясы (КҚКД), ал егер көлік құралының иесі осы республикалардың резидент жеке тұлғалары болып табылса — жолаушылар кедендік декларациясы (ЖКД) уақытша әкелуді растайтын құжат болып табылады.

ЕАЭО Кеден кодексінің 264-бабының 6-тармағына және 275-бабының 2-тармағына сәйкес, уақытша әкелінген көлік құралдары ЕАЭО кедендік аумағында декларанттың, яғни көлік құралын әкелген тұлғаның, нақты меншігінде және пайдалануында болуы керек.

Дегенмен, бүгінгі таңда Абхазия және Оңтүстік Осетиядан уақытша әкелінген көлік құралдары ЕАЭО кедендік аумағында болған кезеңде, заңмен белгіленген шектеуді бұза отырып, сенімхат бойынша (иелену, билік ету немесе иеліктен шығару құқығымен) ҚР-ның азаматтарына сату орын алғаны белгілі.

Бұл ретте, Абхазия және Оңтүстік Осетияның тіркеу нөмірлік белгілері бар көлік құралдарын ЕАЭО кедендік аумағына әкелуді және ҚР-ның резиденттеріне беруді жүзеге асырған тұлғалардың, сондай-ақ мемлекетке келтірілген залал сомасына қарай кедендік төлемдерді төлемей және ҚР аумағында пайдалану мақсатында осындай көлік құралдарын сатып алған тұлғалардың әрекеттері қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық сипатқа ие.

Осыған орай, барлық азаматтарды Абхазия және Оңтүстік Осетия мемлекеттік тіркеуінде тұрған әрі уақытша әкелінген көлік құралдарын сатып алған жағдайда, кедендік тазартудан өткізіп, кедендік баждар мен салықтарды төлегеннен кейін ғана ҚР аумағында аталған көлік құралдарын пайдалануға болатынын ескертеміз.

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызмет.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар