«Key Vak» мобильді қосымшасы таныстырылды

Облыс әкімі Ермек Маржықпаев коронавирусқа және басқа да жұқпалы ауруларға қарсы қолданылатын вакциналар туралы кез-келген ақпаратты алуға болатын және денсаулық сақтау саласы бойынша осы тұрғыдағы статистиканы анықтауға көмектесетін жаңа «Key Vak» мобильді қосымшасымен танысып, оның мүмкіндіктері мен тиімді тұстарына назар аударды.

«Key Vak» қосымшасы қазір Ақмола, Қарағанды облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласының әкімдіктеріне таныстырылып жатыр. Оны өңірде пайдалану үшін 200 миллион теңге қаржы қажет екен. Аймақ басшысы Ермек Маржықпаев бұл қаражаттың аз ақша емес екенін айтып, денсаулық сақтау басқармасына қосымшаның тиімділігін анықтауға тапсырма берді.
Жаңа жобаны ұсынудағы басты мақсат – вакцинация процесін цифр-
ландыру, яғни, кез-келген адам бұл қосымша арқылы коронавирусқа қарсы екпеден бөлек өзге де вакциналар туралы ақпаратты ала алады. Бұл қосымша әсіресе, фельдшерлердің жұмысын жеңілдетеді. Дәрігерлер әрбір тұрғынның қай уақытта қандай екпені және оның нешінші компонентін алғанын ұялы телефонға қарап-білуге болады. Сонымен қатар, мұнда вакцина салдырғандардың нақты статистикасын анықтауға мүмкіндік бар. Бұл қазіргі қиын жағдайда денсаулық сақтау саласы мамандарының жұмысын жеңілдетпекші.
–Қазіргі таңда денсаулық сақтау саласы модернизациялауға зәру. Әсіресе, облыстың шалғай аудандардағы фельдшерлерге қиын. Сондықтан, осындай мобильді бағдарламалардың тиімділігі зор, –деп атап өтті облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Сыздықов.
Ендігі кезекте мобильді қосымшаның жұмысы қадағаланып, талдау жүргізіледі. Егер мамандар тарапынан оң бағаға ие болып, сынақтан ойдағыдай өтсе, қосымша ел игілігіне пайдаланылады.
Ырысалды ШАМШИЕВА.

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар