Таяуда «Даму» Қоры Ақмола филиалының ұйымдастыруымен өткен баспасөз туры аясында аймақтық және республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері Көкшетау қаласындағы бірқатар өндіріс орындарын аралап көріп, мемлекеттік бағдарламалар аясында атқарылып жатқан жұмыстар ауқымымен жақынырақ танысу мүмкіндігіне ие болды.
Айта кетуіміз керек, 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында Ақмола облысында жалпы несиелеу сомасы 11 миллард теңгеге 344 субсидиялау шарты жасалған. Оның ішінде «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы бойынша 5 миллиард теңгеге 336 шарт, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 6 миллард теңге сомасына 8 шарт жасалған. 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында кепілдік беру бойынша кәсіпкерлердің жалпы несие сомасы 6 миллард теңгеге 312 жобасы қолдау алды. Баспасөз туры барысында журналистер қауымы алдымен «Sanzhar Co.ltd» серіктестігінде болып, ұжымның тыныс-тіршілігімен танысты. 2019 жылдың ақпан айынан бастап жұмыс істеп жатқан кәсіпорын гофрленген картоннан қаптама шығарумен айналысады. Гофрокартон өнімдер мен заттарды тасымалдау үшін сұранысқа ие. Мәселен, картоннан жасалған контейнерлер оңай жойылады, экологиялық таза және зиянды заттар шығармайды. Алғашқы жылдары компания тек «Натура Продукт» серіктестігі үшін қаптама шығарған, бірақ, бір жылдың ішінде «Гормолзавод», «Авикс Груп», «Натура Продукт», «BLIC TERMINAL», «Көкше Сусындары» және т. б. көптеген өндірістік кәсіпорындарды картон қаптамамен қамтамасыз ете бастады. Бұл күнде кәсіпорын кең өріс алуда. Қазіргі таңда «Sanzhar Co.ltd» өндірісті кеңейтіп, екінші желіні сатып алды. Жабдықты сатып алу үшін «Халық банкі» акционерлік қоғамынан 86 миллон теңге сомасында несие алды. Несиені Даму Қоры «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасының екінші бағыты аясында субсидиялаған.
«Қазақстандық Агро Инновациялық Корпорация» серіктестігі де жылдан жылға өркендей түсуде. Кәсіпорын – ауыл шаруашылығы, мамандандырылған және коммуналдық техниканы жинау және жеткізумен айналысатын «Вираж» холдингінің еншілес. Компания Қазақстан Республикасында машина жасау саласында жетекші орын алады. 2016 жылы ҚАИК Көкшетау қаласындағы индустриалды-технологиялық парктің құрылысын аяқтады. Саябақтың ауданы 6 гектардан асады, тек 2020 жылы 1-кезектегі өндірістік аудандарда 800-ден астам МТЗ тракторлары, 200-ге жуық RSM қуаттылығы бар тракторлар жиналып, сатылды. Сондай-ақ, мұнда 150-ден астам ACROS және TORUM комбайндары және 2000-нан астам тіркемелер шығарылды. 2021 жылы кәсіпорын индустриялық-технологиялық парктің 2-кезегінің құрылысын бастады. Осы мақсатта 1,5 миллард теңге сомасында қаржыландыру тартылуда. Зауыт аумағында ауданы 12 000 шаршы метр екі қосымша өндірістік блок құру жоспарлануда, олардың бірі астық жинау комбайндарын, жоғары тартқыш класты топсалы-артылған тракторларды – Ростсельмаш лицензиялық құрастыруға тартылатын болады. Екінші модульде Минск трактор зауытының тракторларын – Belarus құрастыру үшін екі желі орнатылады. 2020 жылы кәсіпорын «Халық банкі» акционерлдік қоғамынан өндірістік жабдықтарды сатып алуға 200 миллион теңге сомасында қаржыландыру алды. Жоба «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында Даму Қорынан қолдау тапты.
Облыс орталығындағы «Bravo Commodities» керістестігі Көкшетауда сұйық кешенді тыңайтқыштар мен карбамид-аммиак қоспасын өндірумен айналысады. Қазақстандағы жалғыз сертификатталған өндіруші орын болып табылады. Биылғы жылдың сәуір айында үш мың тонна көлеміндегі алғашқы КАС-32 партиясы шығарылды. Қазіргі уақытта Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарының 25 фермерімен келісімшартқа қол қойылды. Компания өндірісті кемінде 20 мың тонна көлеміне дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Ол үшін қосымша жабдықтар сатып алынды. Қажетті жабдықты сатып алу үшін компания «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша субсидияланды, Сондай-ақ, Даму қоры 70 миллион теңге көлемінде кепілдік беру арқылы жобаны қолдады.
Ал, «Әлем» жеке кәсіпкершілігінің жетекшісі Әлемгүл Шәйкенова Көкшетауда «PANDA LAMIAN» франшизасы бойынша жылдам тамақтану мейрамханасын ашыпты. Айта кетуіміз керек, «PANDA LAMIAN» – 2019 жылы құрылған қазақстандық бренд. Компанияның елімізде енді ғана өріс алуына қарамастан, бүгінде Алматы, Нұр-Сұлтан, Қостанай қалаларында 3 филиалы жұмыс істейді. Мейрамхананың фирмалық тағамы – Panda lamian кеспесі. Бұл ерекше технология бойынша дайындалатын және құрамында тек табиғи ингредиенттер бар тағам түрі. Мейрамхана 100 адамға лайықталып салынған. Аталмыш жобаны «Сбербанк» акционерлік қоғамы инвестицияларға 20 миллион теңге (франшиза мен жабдықты сатып алу) және айналым қаражатына 5 миллион теңге сомасында қаржыландырды. Даму Қоры «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында 12,5 миллион теңге несие бойынша кепілдеме ұсынып, жобаны қолдады.
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы еліміздегі өндіріс орындарының, жалпы кәсіпкерліктің кең өріс алуына қолдау көрсетуде. Қазақ «Бірдің кәсібі – мыңның нәсібі» деп бекерден-бекер айтпаса керек. Экономика ел дамуының негізгі көрсеткіші. Еліміздің экономикалық жағдайы жақсара түссе, ел әлеуеті де арта түсетіні анық. Облыс орталығы Көкшетауда жыл санап кәсіпорындар мен өндірістік нысандар артып келеді. Сөз жоқ, бұл игі іске «Даму» қорының қосқан үлесі зор. Ендеше, мем
лекет тарапынан кең қолдауға ие кәсіпкерлік саласы алда да кең өріс алып, өркендей беретініне сенім мол.
Карина НЕГМЕТОВА,
Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ.
Суреттерді түсірген Советбек МАҒЗҰМОВ.