Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ауырғанша, ауырмайтын жол іздейік. Ол – вакцина! - АРҚА АЖАРЫ

Ауырғанша, ауырмайтын жол іздейік. Ол – вакцина!

Бүгінгі дейін облысқа барлығы 511210 доза вакцина әкелініп, Спутник V – 415220 адамға, QazVak – 10990, HayatVax – 61000, CoronaVak – 24000 адамға егілген.

Оның ішінде 294 490 доза бірінші компонентті вакциналар болса, 216720-сы екінші компонентті вакциналар. Жалпы, ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап, бірінші компонент 241896 адам вакцинацияланған. Тарқата айтсақ, оның 87121-і қалалықтар болса, 154775-і ауыл тұрғындары. Ал, екінші компонентпен 185189 адам екпе алған.
Бүгінгі күні облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындарының 16758 жұмысшысы вакцинацияланған. Оның ішінде, магистральдық кәсіпорындардың қызметкерлері мен мұғалімдердің 83 пайызы, студенттердің 52 пайызы, мемлекеттік қызметшілер 100 пайыз, созылмалы аурулары бар адамдардың өзі 94 пайыз екпе алған. Сондай-ақ, облыстағы медициналық ұйымдарға келсек, олардың 53177-сі бірінші компоненттің дозасын алса, 31511-і екінші компонентпен вакциналанған.
Бүгінде облыста 133 вакцинациялау орталығы мен 135 мобильді топ жұмыс істейді. Вакцинацияға 564 медицина қызметкері оның ішінде 193 дәрігерлер мен 371 медбикелер тартылған. Сонымен қатар, вакцинация жасау үшін 11 жылжымалы медициналық кешен жұмыс істейді. Олар Ақкөл, Аршалы, Астрахан, Атбасар, Бурабай, Ерейментау, Есіл, Жарқайың, Зеренді, Қорғалжын, Целиноград аудандарында ұйымдастырылған.
Қазіргі уақытта құны 13,5 миллион теңгеге тоңазытылған жүк көлігін (авторефрижератора) сатып алу рәсімі де жүргізілуде. Оған облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша байқау қайта жарияланатын болады.
Қорыта айтқанда, бүгінгі күні облыс бойынша 1343 адам стационарлық ем қабылдап жатса, реанимация төсегінде 123 адам, коронавирус салдарынан ауыр науқастанған 193, өте ауыр жағдайдағы 11, өкпені жасанды жолмен желдету аппаратында 12, ал, ылғалдандырылған оттегі аппаратында 156 науқас емделіп жатыр. Бұл дегеніңіз, вакцина қабылдамай, қауіпті індеттен арылудың жолы жоқ деген сөз. Сондықтан, қазіргідей, пандемия күшейіп тұрғанда «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздегеніміз» дұрыс болар.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар