Жаңарған аурухананың мүмкіндігі мол

Егеменді ел болып, тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бергі 30 жылда отандық медицина саласында біршама оң өзгерістер орын алды. Арнайы медициналық бағдарламалар мен жобалар қолға алынып, бұл саладағы қағазбастылық жұмыстары сандық форматқа ауыстырылуда.

Облыс орталығындағы денсаулық сақтау ұйымдарына қоса, аудандық емханалар мен ауруханалардың да материалдық-техникалық базасы нығайтылды.
Өтпелі кезеңдерде шалғай аймақтардағы мемлекеттік мекемелер ғана емес, сонымен бірге медициналық ұйымдардың да жұмысы тұралап, тоқырап қалды. Бертін келе Елбасы Н.Назарбаевтың жыл сайынғы Жолдаулары негізінде жасалған стратегиялық жоспарлар мен арнайы бағдарламалар негізінде шалғай аймақтардың медициналық ұйымдары кезең-кезеңмен жаңғыртылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та бұл игі бастаманы тоқтатпай, медицина саласының дамуына және елді мекендердегі тұрғындардың денсаулығына, салауатты өмір сүрулеріне ерекше назар аударуды халыққа арнаған Жолдауларынан қалдырған емес.
Кеңес кезеңінде ашылып, тәуелсіздік жылдары жаңғырған Ақкөл аудандық орталық ауруханасы қазіргі уақытта 80 төсек-орынға шақталған. Аурухана халыққа медициналық көмек көрсету сапасын жетілдіруде маңызды ұйымдастырушылық-әдістемелік және үйлестіруші рөл атқарады. Барлық бөлімшелер мен қызметтердің жұмысына жыл сайын диагностика мен емдеудің жаңа әдіс-тәсілдері енгізілуде. Бұл аудан тұрғындарына жоғары деңгейде медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
Аурухананың медициналық қызметкерлері – тәжірибесі мол, кәсіби білікті мамандар. Аудан тұрғындарына медициналық көмекті 50 дәрігер көрсетеді, олардың 2-еуі медицина ғылымдарының кандидаты, 18-і жоғары санатты. Орта медициналық қызметкерлер саны – 168 адамды құрайды, оның ішінде 83-і жоғары санатты.
Ақкөл ауданының тұрғындарына емдеу-профилактикалық көмек 21 медициналық пунктте, 5 дәрігерлік амбулаторияда және ауданның орталық бас мекемесінде ұйымдастырылады. Мұнда ауданға жұмыс істеуге барғысы келетін мамандарға баспана алу үшін 1500 АЕК көлемінде несие мен 100 АЕК мөлшерінде көтермеақы қарастырылады. Сонымен бірге, қалада жұмыс істейтін қызметкерлерге жатақханадан бір орынды жалға алуға қосымша 15 мың теңге төлемақы еңбекақыларына қоса төленеді.
Тәуелсіздік жылдары мұнда тәулік бойы жұмыс істейтін 10 және 6 күндізгі травматологиялық бөлімше ашылыпты.
–Бұл бөлімше «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында ашылды. Бөлінген қаражатқа керекті жабдықтар, операциялық үстел, электронды-оптикалық түрлендіргіш, көлеңкесіз шамдар, жылжымалы рентген аппараты сатып алынды. Сондай-ақ, бөлімше Шортанды ауданының тұрғындарын да қабылдайды. Бөлімшеде сүйекке жабық блоктау-
шы интрамедуллярлық остеосинтез операциялары жүргізіледі, – дейді аудандық ауруханасының дәрігері Сергей Гривастов.
Аудандық аурухана ересектер мен балаларға медициналық көмек көрсетеді. Тиісті медициналық көмекті ұсыну үшін мекеме жыл сайын қазіргі заманғы жабдықтармен қамтамасыз етілуде.
–Медицина саласы күн сайын алға жылжып, дамып келеді. Біз өз кәсіби білім-біліктілігімізді мемлекет есебінен үнемі арттырып отырамыз. Жаңа технологияларды үйрену мүмкіндігі зор, –дейді медбике Галина Шевцова.
Ауданда халық денсаулығының индексін көтеру, өлім-жітім деңгейін төмендету мақсатында барлық жағдайлар жасалып жатыр.
Ырысалды ШАМШИЕВА.
Ақкөл ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар