Қызмет көрсету тәртібі жеңілдеді

Қазақстандықтар халыққа қызмет көрсету орталықтарына ағымдағы жылдың 23 тамызынан бастап міндетті брондаусыз кіре алады. Дегенмен, «Ashyq» жүйесі арқылы тексеріп өткізу тәртібі сақталады.

–Міндетті брондау мемлекеттік санитарлық дәрігердің басты талабы болды, мұндай жұмыс тәртібі келушілердің бәрін қабылдауға мүмкіндік бермеді. Қауіпсіз және бейтарап мәртебесі бар келушілер енді мемлекеттік қызметтерді міндетті алдын ала брондаусыз да келіп ала алады. Бірақ, электронды тәсілмен кезекке тұру мүмкіндігі бұрынғы тәртіпте сақталады. Сондықтан санитарлық қауіпсіздік шаралары туралы ұмытпауларыңызды сұраймыз. Бетперде тағып, әлеуметтік қашықтықты сақтаңыздар, санитайзерлерді қолданыңыздар, – деді «Азаматтарға арналған үкімет» басқармасының төрағасы Әділ Қожықов. Бұдан басқа, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы талондарды беру жүйесін «Ashyq»-пен өзара ықпалдастырды. Бұл клиенттің мәртебесін халыққа қызмет көрсету орталықтарында кезек талондарын беру кезінде де тексеруге мүмкіндік береді. Терминалда клиенттің ЖСН-ін теру барысында ақпарат «Ashyq» жүйесіндегі деректермен сәйкестендіріледі, қауіпті мәртебе анықталса, бағдарлама талонды басып шығармайды.

Ырысалды ШАМШИЕВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар