Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қазақстан – достық пен бірліктің жарасымды тал бесігі - АРҚА АЖАРЫ

Қазақстан – достық пен бірліктің жарасымды тал бесігі

Қазақстан Тәуелсіздігінің алғашқы күндерден бастап, ел басшылығы үшін этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту мемлекеттік саясаттың басым міндеті ретінде бірінші орында болды. 90-жылдардың басында, Одақтың ыдырауы кезеңінде Қазақстанда жаппай этносаралық және конфессияаралық қақтығыстар болжанды. Бақытымызға орай, бұл болжамдардың бәрі орындалмады.

Қазақстан Республикасы қазір бүкіл әлемге өзінің этносаралық және конфессияаралық келісімімен танымал, бұл ортақ үйде бейбітшілікті, түрлі ұлттар мен діндердегі адамдардың жан дүниесіндегі өзара түсіністік пен сенімді сақтай алды. Қазақстан қоғамы бүгінгі таңда 140 этнос пен 17 конфессия өкілдері тұратын этносаралық және конфессияаралық плюрализм мен толеранттылықтың бірегей үлгісі болып табылады. Тәуелсіз еліміздің ұлттық саясатының негізгі қағидаттары бейбітшілік пен тыныштық, азаматтық келісім, діни төзімділік, түрлі мәдениеттер өкілдерінің қоғам өміріне тең құқылы қатысуы болып табылады.
Этностық сұрақтарды шешуде негізгі рөлді Республика Президентінің Жарлығымен 1995 жылы құрылған үкіметтік емес құрылым – Қазақстан халқы Ассамблеясы атқарады, оған бірлік пен келісімді қамтамасыз ету мақсатында теңестіруші буынның рөлі берілген.
Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық келісім кеңестері ұлтаралық бірлікті нығайтып, азаматтық қоғамды қалыптастыруда жетекші рөл атқарады. Мақсат бейбітшілік пен келісім мәдениетін қалыптастыру. Еш жерде де ұлтаралық қарама-қайшылық тез шешілмейді. Ал, біз ұлтаралық келісімді сақтай алдық. Қазақстандағы осы келісім мәңгі болуы үшін біз Елбасының бастамасымен орасан зор жұмыс жүргізіп келеміз. Бұл – біздің жетістігіміз әрі мақтанышымыз. Яғни, 1995 жылы құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздің барлық этнос-тарын бір шаңырақ астында шоғырландырып, олардың келісім мен татулық жолында біріктіре білді. Бүгінде республикада Қазақстан этностарының мәдениеттері, тілдері, дәстүрлерінің дамуына қажетті барлық жағдай жасалған. Этномәдени бірлестіктерінің саны тұрақты өсуде, қазір олар 800-ден асады, оның ішінде 15 тілде газет-журнал, 8 тілде радиобағдарламалар, 7 тілде телебағдарламалар шығады. Білім беру толықтай өзбек, тәжік, ұйғыр және украин тілдерінде жүргзілетін 88 мектеп жұмыс істейді. 108 мектепте 22 этностың тілі жеке пән ретінде жүргізіледі. Мұнымен қатар, балалардан басқа үлкендер де 30 этностың тілдерін оқуға мүмкіндік алған 195 этно-білім беру кешендері, жексенбілік және лингвистикалық мектептер ашылды. Қазақ және орыс театрларын қоспағанда, елімізде тағы төрт өзбек, ұйғыр, кәріс және неміс театрлары жұмыс істейді. Әр жыл сайын Қазақстан этностарының тілдерінде бірнеше ондаған жаңа кітаптар жарық көреді.
Қазақстандық осы үлгі біріккен Ұлттар Ұйымында, ЕҚЫҰ-ға қатысушы елдерде, Копенгагенде, Венада, Женевада, Нью-Йоркте өткен халықаралық форумдарда таныстырылып, оң бағаға ие болды.
Қазақстан халқы Ассамблеясы – еліміздегі ауызбіршілік пен келісімнің түп негізі, тұрақтылық пен тыныштықтың құт дарыған шаңырағы. Қарапайым халықтың көкейінде жүрген маңызды мәселелер Ассамблея мінберінде талқыланып, шешімдерін тауып отырды. Ассамблея байсалды жолдан өтті, байыпты тәжірибе жинақтады. Ол еліміздегі этносаралық қарым-қатынасты дамытудың іргелі институтына ауызбіршілік пен сыйластықтың берекелі бекетіне айналды. Ел Конституциясын сақтау, әрбір қазақстандық азаматқа тең мүмкіндіктер беру, олардың құқықтарын құрметтеуге негізделген Ассамблея идеясы – адамзат тарихында адами-рухани өлшем тұрғысынан асқақ идея. Оның жұмысы қазақ халқының бауырмалдылығы мен кеңпейілділік қасиетіне негізделе отырып, елімізде тұратын барлық ұлыс өкілінің ықыласын елдің дамуына, өркендеуіне бақыттауға негізделген.
Әлемдегі демократиялық көп ұлтты мемлекеттердің дамуы-на зер салып қарасақ, олардың барлығынан қоғамдағы ұлты әртүрлі адамдардың бірлесіп, өмірдің түрлі салаларындағы демократиялық тетіктерді нығайту мен полиэтникалықты сақтаудың арасындағы қарама-қайшылықтарды үнемі шешіп отырудың қиын жолдарынан өткендігін байқаймыз. Дүниежүзінің тарихи тәжірибесі көрсетіп отырғанындай, ұлт саясаты қандай кезеңде, қандай жағдайда болсын, мемлекет пен қоғам алдындағы маңызды проблемалардың бірі болып қала беруде. Сондықтан, елімізде іске асырылып отырған ұлт саясаты қоғамды дұрыс жолмен дамытудың маңызды факторы болып табылады.
Бұл бағыттағы Қазақстанның тәжірибесі, атқарып жатқан іс-шаралары әлемнің көптеген елдерінде болып өткен конференцияларда халықаралық сарапшылар тарапынан жоғары бағаға ие болып келеді. Біздің еліміздегі ұлт саясаты төмендегідей принциптерге сүйенеді: адам құқықтары мен ұлт құқықтарының парасатты түрде үйлесім табуы; ұлттар, ұлыстар мен халықтар арасындағы ізгілік, ұлтаралық келісім мен ынтымақтастық қатынастары, өзара көмек пен бірін-бірі қолдау, қоғамның тұрақтылығы мен тұтастығы; ұлттық құндылықтар мен жалпыадамзаттық құндылықтардың үйлестірілуі, конструктивті ұлттық мүдделердің жүзеге асырылуы; елдегі барлық ұлттар мен ұлыстардың әлеуметтік-экономикалық және рухани-мәдени дамуының назарда болуы. Барлық этностар мен халықтарды бір жерде тоғыстырған ортақ тарихи тағдыр ортақ мұраттар мен құндылықтардың қалыптасуына себепші болуда.
Қазіргі таңда отыз мыңға жуық басқа ұлт өкілдерінің балалары қазақ мектебінде оқып жатыр. Бұл – шын мәнінде үлкен жетістік. Сонғы халық санағында «мемлекеттік тілді білемін» деген адамдардың саны 65 пайыз болды. Соның 57 пайызы «қазақша оқи аламын» деген екен. Діні бір, ділі бір өзбек, ұйғыр, түрік, әзірбайжан, татар, қырғыз, башқұрт халықтарын қоса алсақ, олардың қатары арта түседі. Яғни, бұл азаматтардың көпшілігі мемлекеттік тілді біледі, түсінеді деген сөз.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне биыл 30 жыл толады. «Елу жылда ел жаңа» дейді қазақ. Қазақ қоғамы 50 жылда емес, 30 жылға жетпей-ақ жаңарды. Жаңа тұрқатты, жан-жақты жетілген жаңа ұрпақ қалыптасты. Қазақстан атты қуатты, жас та өршіл мемлекет өркениет көшіне қарқынды қадам басты. Бүгінгі таңда кең-байтақ Отанымызда ұрыс жоқ, ырыс бар. Берекеміз де, мерекеміз де жараса түсуде. Ол осы бірлік пен ынтымақтың арқасы.
Диана ҚАПБАСОВА,
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті
коммерциялық емес акционерлік қоғамының
докторанты, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы
жанындағы ғылыми-сараптамалық топтық мүшесі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар