Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тұрғын үйлер мерзімінде салынып, кезек күткендер пәтер алсын - АРҚА АЖАРЫ

Тұрғын үйлер мерзімінде салынып, кезек күткендер пәтер алсын

«Nur Otan» партиясының Ақмола облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Ермек Маржықпаев партияның саяси бюро кеңесін өткізіп, сайлауалды бағдарламалардың орындалу барысын, атап айтқанда, көп балалы отбасыларына берілетін тұрғын үйлер құрылысының қарқыны және мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Кедергісіз келешек» жобасының іске асырылуы мәселелерін пысықтады.

Саяси бюро кеңесінің отырысына аудандық, қалалық партия ұйымдарының төрағалары, аудан, қала әкімдері мен депутаттар, басқармалар мен департаменттердің басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты. Партияның «Өзгерістер жолы: Әркімге лайықты өмір» сайлауалды бағдарламасын орындаудың «Өмір сүру жағдайын жақсарту» Жол картасының бағытын іске асыру аясында қарастырылған көп балалы отбасыларға берілетін тұрғын үйлердің құрылыс қарқыны туралы облыстық құрылыс басқармасының басшысы Марат Әубәкіров баяндады. Оның айтуынша, осы санаттағы азаматтарға берілетін 5 тұрғын үйдің уақытында аяқталмау қаупі бар көрінеді.
–7 айдың қорытындысы бойынша облыста 332 мың шаршы метрді құрайтын 2353 пәтер пайдалануға берілді. Оның 200-і арендалық, 75-і кредиттік, 585-і коммерциялық, 1493-і жеке баспана болып саналады. Ағымдағы жылы тағы 179 көп балалы отбасыларға 12,3 мың шаршы метрді құрайтын пәтер берілуі тиіс. Бүгінде олардың 32-сі Көкшетау қаласында тапсырылды. Сонымен бірге, Ақкөл, Шортанды аудандары мен Көкшетау қаласында 12 мың шаршы метрге салынып жатқан 5 үйдің құрылысы жоспардан кешігуде. Ондағы 176 пәтердің 51-і көп балалы отбасыларға арналған болатын, –деді облыстық құрылыс басқармасының басшысы. Кешігудің себептерін сұрап білген филиал төрағасына аудан басшылары мен құрылыс басқармасының басшысы сан түрлі себептердің барын айтып, ақталды. Дегенмен, жыл соңына дейін барлық пайдалануға берілуі тиіс нысандар аяқталып, тапсырылуы қажеттігі ескертілді.
–Жауапсыз мердігерлердің бітпейтін сылтауларынан партияның баспанамен қамту бағытындағы жоспары кешігеді. Қарашада өтетін бюро кеңесіне дейін бұл шикіліктерді жоюды қолға алыңыздар. Конкурс кезінде барлық талаптарға көніп, қатысып, жеңіп алған мұндай мердігерлерден сот арқылы талап етуге де қаншама уақыт қажет. Аудандарда отырған құрылыс бөлімдерінің басшылары күн сайын құрылыс басына барып, жағдайды бақылауда ұстаңыздар. Сіздерде санаулы нысандар ғана салынып жатыр. Әр пәтердің артында отбасы деген шағын мемлекет тұр. Халықтың жағдайын ойлау керек. Сондықтан, жыл соңына дейін тапсыруға ықпал етіңіздер, –деп тапсырды облыс әкімі. Бұдан әрі Көкшетау қаласы мен Ақкөл, Ерейментау, Шортанды, Егіндікөл аудандарының басшылары аталмыш мәселе бойынша әрқайсысы жеке-жеке есеп беріп, құрылыс қарқынын күшейтуге әрі жыл соңына дейін қолға алынған жобаларды аяқтауға сөз берді.
Күн тәртібіне сәйкес партияның сайлауалды бағдарламаларының бірі «Кедергісіз келешек» жобасы бойынша облыстық әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамту орталығының басшысы Дина Ахметжанова баяндама жасады. Ол өз есебінде мүмкіндігі шектеулі жандардың әлеуметтік нысандарға кіріп-шығуынан бастап, қоғамдық орындарда жүріп тұруына жағдай жасау жұмыстарының барысын алға тартты. Арнайы жүргізілген рейдтердің нәтижелерімен бөлісіп, кейбір дені сау адамдардың автокөліктеріне мүгедектік белгісін орнатып алып, арсыз қылықтарды жасайтындығын сынға алды. Полиция департаментінің қызметкерлері жүргізген мұндай рейдтік шараларда жалған мүгедек болып жүрген 83 адам әкімшілік жауапқа тартылыпты.
Ырысалды ШАМШИЕВА,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар