Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
2021 жылғы шілде айы үшін Ақмола облысының инфляция және қаржы нарығындағы ахуал туралы - АРҚА АЖАРЫ

2021 жылғы шілде айы үшін Ақмола облысының инфляция және қаржы нарығындағы ахуал туралы

Инфляция, базалық мөлшерлеме және алтын валюта резервтері.
Ақмола облысы Статистика департаментінің ресми деректері бойынша 2021 жылғы шілде айында облыс бо-
йынша тұтыну бағаларының индексі 2020 жылғы желтоқсан айына қарағанда 105,4 пайызды құрады, 2020 жылдың осы кезеңінде – 104,1 пайыз, республикалық мағынада, тиісінше – 105,3 пайыз және 104,4 пайызды құрады. Ақылы қызмет көрсету тарифтері 3,3 пайызға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 4,6 пайызға, азық-түлік тауарлары – 7,6 пайызға қымбаттады.
2020 жылғы 21 шілдеден бастап 2021 жылғы 26 шілдеге дейін базалық мөлшерлеме жылғы 9,0 пайызды құрады. 2021 жылғы 27 шілдеден бастап қазіргі уақытқа дейін базалық мөлшерлеме 9,25 пайызды құрайды.
Еліміздің алтын валюта резервтері бір айда 0,8 пайызға азайып, 91,9 миллиард АҚШ долларын құрады, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жалпы халықаралық резервтері – 35,0 миллиард АҚШ долларын, Ұлттық қордың активтері – 56,9 миллиард АҚШ долларын құрады.
Облыстың қаржы нарығындағы ахуал.
2021 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Ақмола облысының банк жүйесінде облыс орталығында және облыс бойынша орналасқан қосымша ғимараттары бар екінші деңгейдегі банктердің 15 филиалы және «Қазпочта» АҚ Ақмола облыстық филиалы бар.
Валюта нарығы. 2021 жылдың шілде айында АҚШ долларына теңгенің орташа алынған биржалық айырбас-тау бағамы 426,47 теңгені, еуроға – 504,23 теңгені, ресей рубліне – 5,77 теңгені құрады.
2021 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Ақмола облысында 67 айырбастау пункті, оның ішінде: 55 банк филиалдарының, 11 уәкілетті ұйымның 12 айырбастау пункті жұмыс істейді.
2021 жылғы шілде айында облыстағы айырбастау пункттері 7,9 миллион АҚШ долларын, 1,4 миллион еуро және 658,0 миллион ресей рублін сатты. 2020 жылғы шілде айында – 5,9 миллион АҚШ доллары, 0,9 миллион еуро және 392,5 миллион ресей рублі сатылды.
Депозит нарығы. 2021 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша банктердегі депозиттердің жалпы көлемі 214,5 миллиард теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2020 жылғы тиісті кезеңімен салыстырғанда 19,1 пайызға ұлғайды, өткен аймен салыстырғанда 0,7 пайызға өсті.
Депозиттердің жалпы көлеміндегі теңгемен салынған депозиттердің үлесі 83,1 пайызды құрайды.
Теңгемен салынған депозиттер бойынша орташа өлшемді пайыздық мөлшерлеме – 7,73 пайыз, шетел валютасы бойынша – 0,79 пайыз болып қалыптасты.
Облыс халқының жан басына шаққанда депозиттердің орташа мөлшері 2021 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 291,4 мың теңгені құрады.
Кредит нарығы. 2021 жылғы 1 тамыздағы жағдай бо-йынша экономикаға салынған кредиттік салымдардың жалпы көлемі 276,9 миллиард теңгені құрады, бұл көрсеткіш 2020 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 17,0 пайызға өсті, өткен аймен салыстырғанда 1,3 пайызға ұлғайды (2021 жылғы 1 шілдеге – 273,3 миллиард теңге).
2021 жылғы шілде айында облыс банктерімен сомасы 21,7 миллиард теңгеге кредит берілді, бұл көрсеткіш 2021 жылғы маусым айымен салыстырғанда 20,6 пайызға өсті.
2021 жылғы шілде айында теңгемен берілген кредиттер бойынша орташа салмақтанған пайыздық мөлшерлеме – 17,1 пайызды құрады.
2021 жылғы шілдеде теңгемен берілген кредиттердің үлес салмағы 99,8 пайызды құрады.
Тұтынушылық кредиттер. Банктердің тұтынушылық кредиттері бойынша облыс халқының берешегі 101,2 миллиард теңгені құрады. 2021 жылғы шілде айында халыққа берілген тұтынушылық кредиттердің мөлшері 2021 жылғы маусым айымен салыстырғанда 1,4 пайызға ұлғайып, 10 592,1 миллион теңгені құрады.
Ипотекалық кредиттер. Банктердің ипотекалық кредиттері бойынша облыс халқының берешек сомасы 70,5 миллиард теңгені құрады. 2021 жылғы шілде айында берілген ипотекалық кредиттердің мөлшері 3 901,7 миллион теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2021 жылғы маусым айымен салыстырғанда 15,7 пайызға немесе 726,8 миллион теңгеге азайды.
Банктердің облыстың шағын кәсіпкерлік саласына салған кредиттік салымдары. Банктердің облыстағы шағын кәсіпкерлік саласына салған кредиттік салымдары 2021 жылғы 1 тамызға 44,1 миллиард теңгені құрады. 2021 жылғы шілде айында сомасы 2 267,8 миллион теңге кредит берілді. Бұл көрсеткіш 2021 жылғы маусым айымен салыстырғанда 35,0 пайызға төмендеді (2021 жылғы маусымда – 3 490,5 миллион теңге берілді). 2021 жылғы шілдеде орташа салмақтанған сыйақы мөлшерлемесі 16,8 пайызды құрады.
Төлем карточкалар нарығы.
2021 жылғы 1 тамыз айына айналымдағы төлем карталарының саны жалпы облыс бойынша 1 337,0 мың бірлікті құрады (алдыңғы аймен салыстырғанда 1,7 пайызға өсті), бұл республикалық көлемнің 2,4 пайызын құрайды.
2021 жылғы шілде айында төлем карточкаларын пайдалана отырып, жасалған транзакциялар көлемі 130 965,3 миллион теңгені құрады (өткен аймен салыстырғанда 1 пайызға азайды). Транзакциялар саны 8 873,3 мың транз-акцияны құрап, 1,7 пайызға өсті. Қолма-қол ақшасыз төлемдер саны 2,6 пайызға өсіп, 8 076,2 мың транзакцияны құрады, сомасы 2,0 пайызға өсті (мөлшері 84 147,6 миллион теңгені құрады). Қолма-қол ақша алу бойынша операциялар 6,7 пайызға дейін азайды (транзакциялар саны 797,1 транзакцияны құрады), сомасы 6,2 пайызға азайды (мөлшері 46 817,7 мың теңгені құрады).
2021 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша төлем карточкаларға қызмет көрсету желісі жалпы өңір бойынша мына түрде ұсынылған: 8 782 POS-терминал, 414 банкомат, 5 765 кәсіпкер 1; 7 167 сауда нүктелері.
Ұлттық Банкі Ақмола филиалының
ақпараты бойынша.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар