Алтын ұя – мектебі қарсы алды

Аудан орталығы Ақмол орта мектебінде көптен күткен Білім күніндегі салтанатты шара тек мектеп табалдырығын енді аттаған бірінші сынып оқушыларына ғана арналды.

Аудан әкімі Бақытбек Оспанбеков жиын соңынан бірінші сынып оқушыларына алғашқы кітаптары – «Әліппе» мен «Букварьды» сыйға тартты.
Дәл осы күні Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, жоғары сынып оқушыларына арналып арнайы сынып сағаттары ұйымдастырылды.
Білім саласы – еліміздегі маңызды саланың бірі. Еліміздің болашағы сапалы білімге байланысты. Жоғары білімді мамандардың болашағы, жас ұрпақтың елжандылығы, рухани тұрғыдағы біліктілігі біліммен, ғылыммен тікелей байланысты.
Өткен жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: әрекет ету кезеңі» атты халыққа арнаған Жолдауында алдымызға балалардың тең құқықтарын қалыптастыру және дәстүрлі білім алу тәсіліне қайта оралу тұрғысында міндет қойған-ды.
Қазір ауданның білім беру жүйесіне 139 ұйым кіреді, оның 19-ы мектеп жасына дейінгі мекеме, 47-і мектеп, басқа да ұйымдар бар. Ауылдық жерлерге білімді педагогтарды тартудың бірегей жолы – «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасын жүзеге асыру. Аталған бағдарлама аясында биылғы жылы 140 маманға үй сатып алуға немесе тұрғын үйдің құрылысын жүргізу үшін жергілікті бюджеттен 612,8 миллион теңге бөлу қарастырылған. 80 маман 350 миллион теңгенің несиесін алып, 58 маман 16,9 миллион теңгенің көтерме ақысына қол жеткізді. Енді кезекте 855 маман тұр.
2020-2021 оқу жылында 813 түлек мектеп бітірді, оның ішінде орташа 97,8 балл алған 51-і «Алтын белгіге» ие болды. Ауданның 49 түлегі орташа 90,0 балмен айрықша куәлікті иеленді. 254 түлек жоғары оқу орнына грантпен түсті, олардың арасында «Алтын белгіге» үміткер 45 оқушы бар.
Ұстаз еңбегі ауыр әрі абыройлы. Сондықтан, олар ерекше құрметке ие. Мұғалім әр шәкірттің жүрегіне білім отын жағып қана қомай, оларды адамгершілікке тәрбиелей білуі керек. Білімді де білікті ұстаздың алдынан дәріс алған оқушының болашағы жарқын болмақ. «Беделі бар ұстаздың берері көп» деген сөздің мағынасына терең бойлаған жөн.

Жанат ТҮГЕЛБАЕВ.
Суретті түсірген автор.
Целиноград ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар