Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мемлекеттік қызметші және оның әдептілігі - АРҚА АЖАРЫ

Мемлекеттік қызметші және оның әдептілігі

Қоғам әр мемлекеттік қызметші өзінің Отаны – Қазақстан Республикасына қалтқысыз, адал қызмет етеді деп сенеді.

Мемлекеттік қызметші болғасын біз өз қызметімізде Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын жақтауға және оны дәйекті түрде жүзеге асыруға тиістіміз. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қойылған.
Сондықтан, қызмет көрсету барысында әр мемлекеттік қызметкер адал, әділ, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауға, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуға, өздері қабылдайтын шешімдердің заңдылығы мен әділдігін, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын шешімдерді қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз етуге міндетті. Сонымен қатар, мемлекет мүддесіне нұқсан келтіретін, мемлекеттік органдардың жұмыс істеуіне кедергі жасайтын немесе тиімділігін төмендететін іс-әрекеттерге қарсы тұру қажет. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қызметші келген қызмет алушыларға заңдылығы мен әділдігін сақтай отырып, көрсетілетін қызмет туралы түсіндіріп бағыт көрсету қажет. Арада келіспеушілік жағдайлар туындап қалса кішіпейлдік көрсетіп, ұрыс-керіс шығармай қызметке қатысты заң талаптарын қызмет алушыға жеткізіп шешуге тиісті.
Жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдардың қызметіне ықпал ету үшін өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбауға тиіс.
Мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта: моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, қоғамға жат мінез-құлық, оның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдағы адамгершілікке нұқсан келтіретін масаң күйде болу жағдайларына жол бермеуге, қарапайым болуға, тиісті көрсетілетін қызметтерді алу кезінде өзінің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеуге және пайдаланбауға, өз тарапынан қоғамдағы адамгершілікке, тәртіпке және қауіпсіздікке қол сұғушылыққа әкелетін заңнама талаптарын бұзуға және басқа азаматтарды құқыққа қарсы, қоғамға жат әрекеттерді жасауға тартуға жол бермеуге тиіс.
Мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті, автокөлік құралдарын қоса алғанда, ұтымды, тиімді және тек қызметтік мақсатта ғана пайдалануға міндетті. Әр қызметкер шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпауға, іскерлік әдепті және ресми мінез-құлық қағидаларын сақтауға тиісті. Мемлекеттік қызметшілердің сырт келбеті олардың қызметтік міндеттерін орындау кезінде мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға ықпал етуге, іскерлікпен, ұстамдылықпен және ұқыптылықпен ерекшеленетін жалпы қабылданған іскерлік талаптарына сай болуға тиіс.
Жоғарыда айтылған қағидаларды сақтай отырып, заңнамада тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық көзделген құқық бұзушылықтар мен теріс қылықтарды жасауға жол бермеуге шақырамын.

Сауле МУСИНА,
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптк кешендегі
мемлекеттік инспекция комитеті Ақмола облыстық аумақтық инспекциясының кадр, ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар