Гвинеяда бүлікшілер коменданттық сағат енгізді

Гвинея астанасында төңкеріс жасаған әскерилер бүкіл ел бойынша коменданттық сағат енгізгенін және ел конституциясының күші жойылып, үкімет таратылғаннан кейін бірнеше сағат өткен соң аймақ губернаторларын ауыстыру жоспары туралы жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Al Jazeera ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Al Jazeera-ның хабарлауынша, Гвинея астанасы Конакри қаласында әскери бөлімшелер құрылып, жергілікті тұрғындарға үйлерінен шықпау туралы талап қойылды. Бұған дейін Agence France-Presse агенттігі Конакридің үкіметтік кварталында жексенбі күні автоматты қарудан оқ жаудырылғанын хабарлады. Көшеде әскерилер көп. Елде болып жатқан жағдай аймақтық және халықаралық ұйымдар тарапынан алаңдаушылық пен сын тудырған.

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш өз сөзінде болып жатқан жағдайды сынап, ел президентін дереу босатуды талап етті. Еске сала кетсек, бұған дейін ҚазАқпарат Гвинея Республикасында мемлекеттік төңкеріс жасалмақ болғаны туралы хабарлаған.

Дереккөз: www.inform.kz

 876 total views,  2 Views Today

By admin

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Өзге де жаңалықтар