Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысының жемқорлыққа қарсы қызметі 8 айдың қорытындысын шығарды - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысының жемқорлыққа қарсы қызметі 8 айдың қорытындысын шығарды

Көкшетауда «Аntikor ortalyǵy» алаңында Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Арман Рахимовтың 2021 жылдың 8 айындағы қызметінің қорытындылары туралы брифингі өтті.

Арман Рахимов атап өткендей, елімізде қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға қарамастан, Департамент азаматтар мен қоғам өкілдерін кеңінен тарта отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің алдын алу шараларына баса назар аудара отырып, үлкен жұмыс жүргізуде.

«Жыл басынан бері өңірдің 9 мемлекеттік органында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау және 4 сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілді. Талдау қорытындысы бойынша 50 ұсыныс енгізілді. 5 НҚА-ға анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Мәселен, тәуекелдерді талдау қорытындылары бойынша облыстық Денсаулық сақтау басқармасында тендерлік комиссия отырыстарының ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету үшін Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларына отырыстарда аудио және бейнетіркеуді қолдану бойынша өзгерістер енгізілді. Бұл маңызды алдын алу шарасы заңнамадағы олқылықтарды жою арқылы сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын жоюға мүмкіндік береді», — деп хабарлады спикер.

Сондай-ақ, Департамент басшысы мемлекеттік сатып алу саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мақсатында жүйелі негізде Сатып алудың бірыңғай терезесі арқылы мемлекеттік сатып алуға мониторинг жүргізіліп жатқанын, оның шеңберінде Департамент енгізген ұсынымдардан кейін сатып алуға жоспарланған тауарларға, жұмыстар мен қызметтерге жоғары бағаларды төмендету арқылы 1 млрд теңгеден астам қаражат үнемделгенін айтты. Бұл өткен жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда 2 есеге артық.

Мысал ретінде, спикер бастапқыда 16,5 млн.теңге сомасына төсек сатып алу жоспарланған Бурабай ауданының Щучинск қаласындағы жоғары педагогикалық колледжінде 8,7 млн. теңге сомасына бюджет қаражатын үнемдеуді атады.

Департамент «Protecting Business and Investments» жобасы аясында кәсіпкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта Департамент 70 бизнес-жоба сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеумен жүруде, оның ішінде 12% — шетелдік инвесторлардың қатысуы. Жобаны іске асыру басталғаннан бері 23 кәсіпкер мен инвестордың құқықтары қорғалды және қалпына келтірілді.

Бұдан басқа, квазимемлекеттік және жекеше секторлар ұйымдарында корпоративтік адалдық стандарттарын сақтауға жауапты сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер институты заңнамалық деңгейде енгізілді. Қазіргі уақытта Ақмола облысының жергілікті атқарушы органдарына есеп беретін 81 квазимемлекеттік сектор ұйымында комплаенс қызметкерлері бар.

«Мемлекет басшысы белгілеген сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформаларды іске асыру шеңберінде Департамент тиісті жұмыс жүргізуде. Сонымен қатар, лауазымды тұлғаларды өз міндеттерін жауапкершілікпен орындауға, ал азаматтарды сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне төзбеушілік танытуға шақырамын, өз кезегінде біз тиісті шаралар қабылдайтын боламыз», — қорытындылады Арман Рахимов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар