Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік қағидасы қалыптастырылуда

Сыбайлас жемқорлық қоғамдық даму жолында елдің және мемлекеттің имиджіне өте теріс әсер ететін басты проблемалардың бірі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жаһандық маңызы бар және қызметтің басым бағыты ретінде айқындалған саяси-құқықтық міндеттердің бірі болып табылады. Қазіргі уақытта билік тарапынан сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға байланысты мәселелерге ерекше назар аударылуда.

Сыбайлас жемқорлықтың көріністері қоғамға елеулі зиян келтіреді, мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін төмендетеді, олардың беделіне нұқсан келтіреді және халықтың әлеуметтік бытыраңқылық деңгейін арттыруға ықпал етеді. Сыбайлас жемқорлықты жаңа қоғамдық қатынастарды қалыптастыру және нығайту құралы ретінде пайдалануды болдырмау, сондай-ақ, нарықтық қатынастарға әлеуметтік қолдау жасау қажет.

Сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністерінен бас тарту Ақмола облысының қаржы басқармасы жүзеге асыратын жұмыстың тиімділігін қамтамасыз етудің ажырамас бөлігі болып табылады. 2022 жылғы 2 ақпанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітілді және саясатты іске асыру жөніндегі нақты іс-қимыл жоспары тұжырымдалды. Жаңа стратегиялық құжат сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын жүйелі түрде жоюға, жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз етуге және қоғамдық сананы түбегейлі өзгертуге бағытталған.

Қазақстан Республикасының барлық мемлекеттік органдарында 2021 жылғы 31 мамырдан бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жобалау басқармасы іске асырылуда. Жаңа талаптарға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидалары бекітілді және барлық мемлекеттік органдардың орындауы үшін үлгілік базалық бағыттардың алты блогы айқындалды. Үлгілік бағытқа сондай-ақ «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» (№4 ҮББ) жатады. №4 ҮББ шеңберінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың жұмысын ұйымдастыру сапасын арттыру жөніндегі шаралар көзделген. Жобалық басқарманың № 4 ҮББ төрт аспектіні көздейді: сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу.

Ағымдағы жылы осы қызметпен барлық облыстық басқармалар және  квазимемлекеттік сектор ұйымдары қамтылды. Жобалық басқаруды іске асыру нәтижелері бағалау жүйесі жүргізілетін жобалардың бірыңғай базасында шоғырландырылатын болады, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданатын шаралардың тиімділігі бойынша мемлекеттік органдар мен басшылардың рейтингі қалыптастырылатын болады.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңына және Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы ережеге сәйкес жұмыс тобы қаржы басқармасының қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді. Анықталған сыбайлас жемқорлық нормаларын жоюға бағытталған ұсынымдар әзірленді, сондай-ақ, ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеушілермен келісіліп, жұмысқа қабылданды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға ерекше назар аударылды. Ай сайын аппараттық оқу сабақтары өткізіледі, оның барысында қызметкерлердің назарына сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормалары және олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қатысу тәсілдері жеткізіледі және түсіндіріледі. Мемлекеттік органдардың бизнес-процестерін кешенді реинжиниринг шеңберінде НҚА жобаларының цифрлық трансформацияның стратегиялық бағыттарына сәйкестігі тұрғысынан сараптама көзделген. Бұл көлемді және ашық процедуралардың жеткіліксіздігін жоюға, құжаттарды әзірлеу сатысында адам факторын азайтуға мүмкіндік береді.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу, ашықтық пен жариялылық қағидатын жүзеге асыру мақсатында басқарманың қызметі қалың бұқараға қолжетімді, ол қаржы басқармасының ресми интернет-ресурсында қамтылған.

Басқарманың мемлекеттік қызметшілерінің құқық бұзушылық фактілерін анықтау үшін 25-30-42 «Сенім телефоны» жұмыс істейді, ғимаратта азаматтардың арыз-шағымдарына арналған жәшік орнатылған Басқарманың интернет-ресурсында жеке және заңды тұлғалардың өтініш беру мүмкіндігі қарастырылған. Қаржы басқармасы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алудың тиімді әдістерін енгізуді жалғастыруды және бөлімнің қызметіне қатысты нормативтік-құқықтық актілерге жүйелі түрде тексеру жүргізуді жоспарлап отыр.

 Талғат БӨЛТЕНОВ,
Ақмола облысы қаржы басқармасының басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар