Бүл күнде облысымыздың барлық өңірлерінде егін орағы соңына таяп қалды. Жарқайың, Атбасар ауданының еңбеккерлері жауапты науқанды енді үш-төрт күнде аяқтамақ ниетте.
Жарқайың ауданының егіс алқабы 615,7 мың гектарды құрайды. Бұл Ақмола облысындағы ең ірі астықты өңір болып саналады. Бүгінгі күні барлық егіс алқабындағы 588,0 мың гектардың егіні орылып, 294,0 мың тонна астық бастырылды. Күніне 19,7 мың гектардың астығы орылуда. Гектар берекесі 7,5 центнерден айналуда. Қажетті 63,0 мың тонна тұқымның 95,2 пайызы қамбаға құйылды. Атбасарлық диқандар биыл 373,4 мың гектардың астығын жинап алуды жоспарлаған болатын. Бүгінгі күні оның 95 пайызы орылып, 265,6 мың тонна астық бастырылды. Гектарынан 7,5 центнер өнім алынуда. Қажетті 47 мың тонна тұқым құйылып алынды.
Диқандар әрбір ашық күнді тиімді пайдаланып, астықты шашпай-төкпей жинап алуға бар күш-жігерлерін салуда.
Рамазан ТІЛЕУОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.