Тілдер онкүндігі табысты өтті

Астрахан ауданы әкімдігінің Тілдерді оқыту орталығында Қазақстан халқы тілдері күніне орай, «Тіл мерейі – ел мерейі» Тілдер онкүндігінің ашылу салтанаты болып өтті.

Тілдерді оқыту орталығының оқытушылары «Тіл – руханият өзегі» кітап көрмесін ұйымдастырды. «Мемлекеттік тіл – қазақ тілі» онлайн сабақ, «Полиглот» ойын сабағын, «Тіл білімінің атасы – Ахмет Байтұрсынұлы» ақпараттық сабағын, «Тіл мерейі – ел мерейі» ашық сабақ, «Қазақ тілі – мәртебелі тіл» дөңгелек үстел, «Қызықты қазақ тілі әлемі» және «Үш тұғырлы тіл» атты өзге ұлт өкілдері арасында сайыстар өткізді.
Орталықтандырылған кітапхана жүйесі қызметкерлері «Тіл құндылығы – ел мақтанышы» тақырыбында онлайн ақпараттық сағатын, «Поэзия – тілдің иесі» поэтикалық сағатын, «Өнер алды қызыл тіл» поэзия кешін өткізді. Аудандық Мәдениет үйінің мәдени ұйымдастырушылары «Қазақша караоке», «Мерейлі отбасы», «Дархан даланың дара дауысы» жүргізушілер сайыстарын, «Туған тілім – бабам тілі өз тілім» фестиваль концертін өткізді. Сонымен қатар, тілдер онкүндігінде латын графикасына көшу мәселесіне де назар аударылды.
«Ішкі саясат бөлімі» және «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің» ұйымдастыруымен Тілдерді оқыту орталығының оқытушылары «Латын әліпбиі –
қазақ тілінің жаңа көкжиегі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараның мақсаты –
латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы туралы мағлұмат беру, қоғамдық пікір қалыптастыру. Дөңгелек үстелге аудан мектептерінің қазақ тілі мұғалімдері мен кітапхана қызметкерлері қатысты.
Тілдер онкүндігі шеңберінде өзге ұлт жастарының арасында өткен «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік символы» облыстық байқауына аудандық Мәдениет үйінің би жетекшісі Колос Анна Васильевна қатысып 10 000 теңгелік сертификатпен марапатталды. Осы байқауға тілдерді оқыту орталығының есепшісі Зедляев Эрнест Русланович те қатысты. «Қазақ тілі бабамның тілі, баламның тілі» облыстық онлайн бейнежазбалар байқауына Астрахан №2 мектебінің 5«А» сынып оқушысы Герман Альбина қатысты.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Қазақстан халқы тілдері онкүндігіне арналған «Мен отбасымда қазақша сөйлеймін» облыстық онлайн байқауына Каменка ауылының тұрғыны Огневская Людмила Викторовна қатысып, жүлделі 3-ші орынға ие болып, бағалы сыйлықпен марапатталды.
«Тіл – ұлттың тұғыры» тақырыбында мемлекеттік тіл туралы өлеңге ән жазу онлайн конкурсында аудандық Мәдениет үйінің мәдени ұйымдастырушысы Асылжан Пірбергенов Несіпбек Айтұлының «Ана тілім» өлеңіне ән жазып, өзі орындады.
Сондай ақ, Көкшетау халық шығармашылық орталығы ұйымдастырған «Ән сүйген кербез Көкше» ән байқауына біздің ауданнан Асылжан Пірбергенов пен Айнұр Кұсмадиева қатысты. Асылжан Пірбергенов жүлделі 3 орынға ие болып, III дәрежелі Дипломмен және бағалы сыйлықпен марапатталды. Сонымен қатар, облыс ақын, жазушылары арасында өткізілген «Балаларға арналған үздік шығармалар» облыстық байқауына Новочеркасск орта мектебінің қазақ тілі және әдебиет мұғалімі Гүлжан Қазбекова қатысып, Алғыс хатпен және 15000 теңгелік сертификатпен марапатталды.
Қазақстан Республикасы халқының тілдері күніне арналған онкүндік «Туған тілім – бабам тілі өз тілім» фестиваль концертпен аяқталды. Онкүндікті өткізу бойынша іс-шаралардың бекітілген жоспары орындалды. Қазақстан халқы тілдері күніне арналған онкүндік жоғары деңгейде өтті деген ойдамыз.
Гүлнәр Қарасаева,
Астрахан ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар