Есілдіктер орақ науқанын бірінші болып аяқтады

Биылғы жылы облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері 4530,4 мың гектар алқаптағы астықты шашпай-төкпей жинап алуды жоспарлаған болатын. Бүгінгі күні барлық егін алқабының 97 пайызы жинап алынды.

Гектар берекесі 8,6 центнерден айналуда. Қажетті 529,8 мың тонна тұқымның 91,6 пайызы қамбаға құйылды. Есілдіктер бұл жұмысты ең бірінші болып аяқтады. Аталмыш аудан әкімінің орынбасары Асқарбек Мақсымханның айтуынша, диқандар 438,2 мың гектар алқаптың 306,7 мың тонна астығын толық жинап алыпты.
–Гектар берекесі 7 центнерден айналды. Қажетті 45,5 мың тонна тұқымды толық құйып алдық. Ауданда Уәлихан Әріпов басқаратын «Заречный» және «Ново-Приречный» серіктестіктері егін орағын бірінші болып аяқтады. Бұл шаруашылықтардың әрқайсысы 30 мың гектар алқаптағы дәнді және бұршақты дақылдарды толық бастырып алды.
Рамазан ТІЛЕУОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар