Құрылыс материалдарының неше пайызы елімізде өндіріледі

Қазақстан Құрылысшылар одағының басшысы Талғат Ерғалиев девальвацияның құрылысқа қалай әсер ететіні туралы пікірін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Ресми тұрғыда құрылыс материалдарының 54% Қазақстанда өндірілсе, 46%-ы шетелден әкелінеді. Іс жүзінде ішкі нарық отандық үлес делініп жүрген 54%-дың жартысын ағана қамтамасыз етеді. Қалған жартысын бәрі бір сырттан әкелеміз.
Сондықтан біз теңге бағамына қатты тәуелдіміз», – деді Талғат Ерғалиев БАҚ өкілеріне берген сұхбатында. Сондай-ақ, баспана тапшылығын шешу үшін үй салатын жер телімін беру ісін оңтайландырып, жылдамдату керек екенін айтады.
«Жеке тұрғын үй құрылысына жер телімдерін беру ісі қазір саябырсып қалды. Дәлірек айтқанда, әлі беріліп жатыр. Бірақ бұрынғыдан аз мөлшерде. Мен Шығыс Қазақстан облысында және басқа да өңірлерде болдым. Жер беріліп жатыр, бірақ қазіргі қарқыны халықтың сұранысын өтеуге мүлде жеткіліксіз.
Шартты түрде айтсақ, біреу кезінде 10 га сатып алып, енді соны бірнеше телімге бөліп, сатып отыр деуге болады. Жеке үй салуға жер алудың әр қадамы ашық, түсінікті болу керек. Осындай бірізді реттілік қалыптастыра алсақ, халықтың баспанаға мұқтаждығын шешуге болады», – деді Талғат Ерғалиев.

Дереккөз: www.inform.kz

 

 1,034 total views,  4 Views Today

By admin

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Өзге де жаңалықтар