Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тіл мерейі – ұлт мерейі - АРҚА АЖАРЫ

Тіл мерейі – ұлт мерейі

Елдегі тіл саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізудің басты бағыттарының бірі өзге ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілді үйрету болып табылады.

Бұл мақсатта ауданымызда 2011 жылы құрылған тілдердің оқыту орталығы табанды жұмыс жасап келеді. Бүгінгі таңда, орталығымыздағы тіл үйренушілер – әртүрлі саладағы қызмет ететін білімді де, білікті мамандармен лауазым иелері. Орталық құрылған жылдан бері 250-ден астам мемлекеттік және бюджеттік сала қызметкерлері мемлекеттік тілді меңгергені туралы сертификат алды.
Орталық материалдық техникалық базамен толық қамтылған. Орталық оқытушылары білімді де, білікті кәсіби мамандар. Олар мемлекеттік тілдегі дәрістерін сабақ кестесіне сәйкес бағдарлама бойынша сабақ өтумен ғана шектелмей, оның қолдану аясын кеңейту, маңызын насихаттау, оны оқып-үйренуге деген ынта-ықыласты арттыру мақсатында қосымша сабақтан тыс іс-шаралар да өткізеді.
Мемлекет басшысының биылғы жылғы «Халық бірлігі және жүйелі реформалар –
ел өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Қазақ тілін дамыту ауданда мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып қала береді», – деп атап көрсетілген болатын.
Қыркүйек айының 5 жұлдызынан басталған Тілдердің онкүндігі аясында да ауданымызда біршама іс-шаралар өткізілді.
«Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ әліпбиінің негізін қалаушы» атты тақырыпта аудандық орталықтандырылған кітапхана қызметкерлерімен бірлесе ашылу рәсімін жасап, тіліміздің тарихы мен тілге байланысты жарық көрген кітаптармен таныстық, пікір алмастық. Мекемелермен бірге мемлекеттік қызметте істейтін өзге ұлт өкілдері арасында «Мемлекеттік тілде сөйлеймін, жазамын», «Тіл білгірі» атты сайыс, «Мемлекеттік тіл – ел ертеңі» атты тыңдаушылармен ашық сабақ, мемлекеттік мекемелерде «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте» атты танымдық сабақ өткізді.
Жалпы, тілдер онкүндігінде аудан мектептерімен қоян-қолтық жұмыс жасай отырып, орыс тілді мектептердегі оқушылар арасында түрлі байқаулар өткізілді.
Сондай-ақ, ауданымыздың өзге ұлт өкілдері жас ерекшеліктеріне қарай облыстық ішкі саясат пен мәдениет басқармалары ұйымдастырған «Мен отбасымда қазақша сөйлеймін», «Мен қазақша сөйлеймін», «Балам тілі – бабам тілі», «Маған қазақша сөйлеген ұнайды» сынды кештегпен ұйымдастырылған барлық байқаулар мен челлендждерге ұдайы қатысып келеді. Тілдері мерекесіне орай облыстық ішкі саясат басқармасы ұйымдастырған «Тіл –ұлттың тұғыры» атты облыстық байқауына жергілікті ақын Асылбек Байжұма мен әнін жазушы Қорғанбек Ержан қатысып, «Жасай бер, жаса қазақтың тілі» атты жаңа туын-
дылары жүлделі бірінші орынды жеңіп алды.
Ауданымызда ұйымдастырылған іс-шараның қорытындысы бойынша аудандық мәдениет үйінде өткен салтанатқа аудан әкімі А. Байманов қатысып, «Мен отбасымда қазақша сөйлеймін» байқауына қатысқан Лузгиндер отбасы мен Юрий Юрковты, «Тіл тағдыры – ел тағдыры» тақырыбындағы онкүндікте еліміздің ұлтаралық ынтымақтастығын қалыптастыруға, этносаралық достықтың дамуына барынша үлес қосқан Түрген ауылдық кітапханашысы Айгүл Талғатқызы, аудандық «Солнышко» балабақша ұжымын, Соня Махмудқызы мен Глеб Вышутиндерді Алғыс хаттармен және шағын сыйлықтармен марапаттады.
Майра Мырзатхан,
Аршалы ауданының тілдерді оқыту
орталығының директоры.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар