Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай және 27 қыркүйек – Дүниежүзілік туризм күні Зеренді ауданында Danel туристік нысаны ашылды.
Аудан әкімдігінің мәліметінше, Зеренді ауылының «Зерен» саяжай кентінде орналасқан Danel туристік нысанға шамамен 60 миллион теңге инвестиция салынған. Оның 9 миллион теңгесі «Бизнестің жол картасы-2050» бағдарламасы арқылы. Мұндағы басты мақсат-экологиялық таза ауданда отбасылық демалыс ұйымдастыру.
«Демалыс орнындағы екі және төрт орындық бөлек тұрған үйлерде туристер үшін 28 төсек-орын бар. Демалушылар үшін футбол алаңы, бампербол алаңы қарастырылған, Сонымен бірге, монша жұмыс істейді», – деп атап өтті кәсіпкер Руслан Асылбеков.
Danel туристік нысанында төрт жаңа жұмыс орны ашылды. Олардың орташа еңбекақысы 150 мың теңгені құрайды.