Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көкшетауда ҚР ТЖМ Азаматтық қорғау академиясының 146 курсанты ант қабылдады - АРҚА АЖАРЫ

Көкшетауда ҚР ТЖМ Азаматтық қорғау академиясының 146 курсанты ант қабылдады

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында ҚР ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының 146 курсанты ант қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының 1-курсына алғаш рет қабылданған 146 курсанттың салтанатты түрде ант беру рәсімі Көкшетау қаласындағы «Тәуелсіздік» алаңында өтті. Салтанатты шараға Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин, Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев, сондай-ақ Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлім басшылары мен азаматтық қорғау органдарының ардагерлері қатысты.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында қазіргі кезде қорғаныс қабілетін нығайту, қауіп-қатерге қарсы әрекет етуді жоғарылату өте маңызды екенін атап өтті. Бұл мәселені шешуде Министрліктің рөлін атап өтпеу мүмкін емес. Бүгінде оның мыңдаған қызметкері мен әскери қызметшілері жоғары кәсіби және азаматтық қасиеттерді көрсете отырып, барлық қауіптерге берік және абыроймен қарсы тұрады.
Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы болашақ жеңістер мен табыстардың негізі бүгін біздің ведомстволық оқу орнының қабырғасында қалануда. Мен бүгін салтанатты құрамда тұрған жастар ешқандай жағдайда да курсанттың жоғары абыройын жоғалтпайтынына сенімдімін», — деді Юрий Ильин. Рәсім аяқталған соң курсанттар алаң арқылы жүріп өтті. Еске салайық, биыл ҚР Үкіметінің қаулысымен Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкшетау техникалық институтына Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының мәртебесі берілді.
Ел тәуелсіздік алған жылдар ішінде Академия табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін аса жауапты және қиын учаскелерде күндіз-түні қызмет ететін 5000-нан астам маманды даярлап шығарды.
Бүгінде Академия 4 білім беру бағдарламасы бойынша білікті мамандарды дайындайды: «Өрт қауіпсіздігі», «Төтенше жағдайда қорғау», «Азаматтық қорғаныстың командалық-тактикалық күштері» және «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару ісі». Үкіметаралық келісімдерді орындау шеңберінде жыл сайын 20 қазақстандық курсант Ресей мен Беларусь Республикасының ТЖМ мамандандырылған шетелдік жоғары оқу орындарына оқуға жіберіледі (Мемлекеттік өртке қарсы қызмет академиясы — 5 үміткер, AGZ – 5, Мемлекеттік өртке қарсы қызметінің Санкт-Петербург университеті — 5, Беларусь Республикасының азаматтық қорғау университеті — 5).
Сонымен қатар Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы екіжақты үкіметаралық келісімдер шеңберінде қазіргі уақытта мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес Академияда Қырғыз Республикасының 11 азаматы білім алуда.

Дереккөз: www.inform.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар