Көкшетауда өткен жәрмеңкеде 68 тоннаның өнімі сатылды

«Тәуелсіздік» алаңында ұйымдастырылған жәрмеңкеде облыстың 9 өңірінен келген барлығы 110-нан астам ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші және «Kokshe» әлеуметтік кәсіпкерлік коорпорациясы» акционерлік қоғамы 85,2 миллион теңге сомасына 68 тоннадан астам өнім ұсынды.

Қала тұрғындары мен қонақтары жергілікті өндірушілердің 50-ден астам азық-түлік түрлерін сатып алды.
«Оның ішінде 36,4 тонна ет және шұжық өнімдерін, 1,1 тонна балық, 170 мың дана жұмыртқа, 4,5 тонна сүт және сүт өнімдерін, 3 тонна ұн, 6,5 тонна картоп, 7 көкөніс және басқа да өнімдер бар.

Азық-түлік бағасы нарықтағыдан 10-15 пайызға арзан болды», – деді облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар