Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ерекше көңіл-күй сыйлады - АРҚА АЖАРЫ

Ерекше көңіл-күй сыйлады

Қарттар күні – бұл біздің ата-аналарымыз бен ата-әжелерімізді ерекше назарға алып, мейірім мен бар жылылығымызды төгетін әдемі де жарқын мереке.

Қарттар мерекесіне орай, Өзбек этномәдени орталығы Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының этномәдени бірлестіктерінің, қоғамдық құрылымдарының өкілдері үшін мерекелік түскі ас ұйымдастырып, ерекше көңіл-күй сыйлады. Бүгінде еңбектерінің зейнетін көріп, зейнеткерлікте жүрген қарияларды этномәдени бірлестіктің төрайымы Тажибуви Медетова құттықтап, игі тілектерін жеткізді.
Дөңгелек үстел басында бас қосқан аға буын өкілдері өздерінің қызықты естеліктерімен бөлісіп, жастық шақтарының сүйікті әндерін бірлесе шырқады.
–Олар да кезінде адал жұмыс істеп, өз Отанына қызмет етіп, мемлекетіміздің дамуы мен өркендеуіне зор үлес қосты. Қазір олар құрметті демалыста, кейбіреулері немерелерін тәрбиелеумен, басқалары қоғамдық қызметпен айналысады. Сондықтан, осындай әдемі мерекеде еліміздің егде адамдары мен ерекше көңіл бөлуді қажет ететін жандарына жақсы көңіл-күй сыйлау бүгінді ұрпақтың парызы деп білемін, –дейді Тажибуви Усмановна.

Ырысалды ШАМШИЕВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар