Ақмола облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Махаббат Большинаның мәліметінше, Петропавл қаласында 10 жасқа дейінгі балалар арасында үлкен теннистен «қызыл доп» республикалық турнирі өтті.
Ақмола облысынан №7 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің жас тәрбиеленушілері қатысып, бақ сынады.
Оның ішінде 5 жасар Иван Чижаковский чемпион атанса, Даниэль Чумак қола медальға ие болды.