Көкшетауда үйдің шатыры опырылып, 63 жастағы зейнеткер көз жұмды

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметше, қазаның 6-да сағат 00:48 Көкшетау қаласындағы Пионерский көшесінің бойындағы бір қабатты жеке тұрғын үйдің шатыры опырылып түсті. 1950 жылы салынған тұрғын үй апатты деп танылмаған.
«Құлаған шатыр үйіндісінің астында үй иесі 63 жастағы әйелдің денесі табылды. Ол алған дене жарақатынан көз жұмған. Қазіргі кезде, сот-медициналық сараптама тағайындалды», – деді ведомстводан.
Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, полицияға зейнеткердің 14 жасар немересі хабарлап айтқан. Бала үйдің төбесі құлап, әжесі қайтыс болғанын айтты. Полицияның мәліметінше, екі жыл бұрын үйде өрт болған, содан бері шатыры жөндеу көрмеген. Үйдің шатыры опырылып түскен кезде қария 1958 жылғы Г.Н.Метрова жатын бөлмеде ұйықтап жатқан. Зейнеткер екі немересімен бірге тұрған. Ал ұлы іс-сапарда болған. Оқиға жазатайым оқиғалар санатына жатқызылды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар