Отбасы – шағын мемлекет. Ол – тәлім мен тәрбиенің, үлгі мен өнегенің, мейірімділік пен адамгершіліктің ордасы. Отанға деген ыстық сезім осы отбасыдан бастау алады. Ал, Отанына деген сезімі бар адамның отбасынан жақсы тәлім-тәрбие алғандығын білдіреді.
Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады. Сондықтан, туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді.
Қалалық үлгілі қазақ кітапханасында Отбасы күніне орай отбасылық құндылықтарды нәсихаттау, жанұя беріктігінің сырларымен бөлісу мақсатында көп балалы Мінайдаровтармен отбасымен «Отбасы – алтын ұя» атты кітапханалық журфикс болып өтті. Шараға көп балалы аналар, бизнес пен отбасыны сабақтастырып жүрген аналар, ақ жаулықты әжелер және кітапхана оқырмандары қатысты.
Шарада отбасы тақырыбындағы қазіргі уақыттың өзекті мәселелері сөз етіліп, қоғамдағы, отбасындағы алатын орны, еліміздің ертеңі жастардың санасына ұмтыла бастаған ұлттық салт-сананы, ұлттық тәрбиені сіңіру, жайлы мәселелер талқыланды. Шара қонағы Қырмызы Байтасова әңгіме барысында жолдасымен шаңырақ көтеріп, жаңа өмірге қадам басқан сәтін еске ала отырып, отбасылық өмірдің қызығы мен қиыншылығын, шаңырақ шаттығы боп, бәйтеректей бұтақ жайып, әулетті көркейтіп, бірлік пен берекенің бесігі болар отбасы болудың қыр-сырларымен бөлісті. Олар өздерінің бастан өткерген оқиғаларымен бөлісіп, бақытты, берік жанұяны қалай құру керек екендігі жайлы сыр шертті. Шара барысында жастар өнегелі отбасыларды өздеріңе үлгі етіп, өмір жолынан тағылым алары сөзсіз!
Жанар АЙТҚОЖИНА,
Көкшетау қалалық үлгілі
қазақ кітапханасының меңгерушісі.