Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Құрметке лайық жандар - АРҚА АЖАРЫ

Құрметке лайық жандар

Жыл сайын қазан айын аға буын аса құрметпен, толқумен күтеді. Себебі, халықаралық деңгейде бұл ай егде адамдарға құрмет көрсету айлығы болып саналады.

Бүгінгі болашағымыздың жарқын болуы да, біздің ата-бабалармыздың өз кезеңінде аянбай еңбек етіп, тер төккендерінің нәтижесі екені анық. Біздің бүгінгі тақырыбымыз Ақмола облысының ішкі істер органдары ардагерлері кеңесі жайында болмақ. Осыдан 25 жыл бұрын іргетасы қаланған аталмыш ұйым қазіргі таңда жас сақшылар үшін баға жетпес тәрбиенің қайнар көзіне айналған. Қандайда болсын бастама ардагерлердің тікелей қолдауының арқасында жүзеге асып келеді десек артық емес.
Ақмола облыстық ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан ардагерлері кеңесінің төрағасы Дәуітбек Нұрғалиевтың айтуынша, жалпы облыс бойынша 3078 ардагер тіркелген. Әр аудандық полиция бөлімінде бастапқы ардагерлер ұйымы жұмыс істеп келеді. Ақмола облысы полиция департаментінің басшылығының қолдауымен жас сақшылардың қызметке деген аса жауапкершілігін нығайту мақсатында, аталмыш ұйымдарға жоғары лауазымда қызмет атқарып, зейнеткерлік демалысқа шыққан ардагерлер жетекшілік етеді. Олардың, өз кезегінде, оңтайлы жұмыс істеуі үшін жан-жақты жағдай жасалған. Жастарды тәрбиелеуде бірқатар жұмыстар жасалуда. Бастапқы ардагерлер ұйымына төрағалық ету үшін ең алдымен есеп беру және сайлау жиналыстары ұйымдастырылып, онда ішкі істер органдарының ардагерлерін тыңдап, ұсыныстар қарастырылады. Содан соң көпшіліктің дауыс беруі нәтижесінде ардагерлер ұйымының төрағасын қабылдаймыз. Әрине, көзге көрінбейтін жұмыстардың ауыртпалығын тек ардагерлер ғана сезеді. Мысалы, ардагерлердің ішінде үлгі-өнеге боларлық жандар қаншама. Істерімен елге танылып, коғамның ықыласына ие болған ардагерлердің есімдерін есте сақтап қалу мақсатында бірқатар тұлғаларға мемориалдық тақта орнатылған. Олардың қатарында Қайролла Ескендіров, Ботагөз Бижанова, Бақытжан Сейітжанов тағы басқалары барын атап өтуге болады.
Иә, таңның атысымен тәртіп сақшыларымен қатар, асыға жұмысқа келетін аға ұрпақтың игілікті істеріне біз тағзым етеміз. Олардың көзі ашық, көкірегі ояу ұрпақ тәрбиелеудегі жасап жатқан өлшеусіз үлесіне баға жетпейді.
– Жұмыс барысында біздің қолымыздан келмейтін даулы мәселелер болып қалады. Сол себептен, басшылықтың тікелей қолдауының арқасында былтыр Қарттар алқасы өз жұмысын бастады. Шағын құрамнан тұратын аталмыш топқа беделді азаматтарымыздың бірі, құқық саласында айтарлықтай зор үлес қосқан ардагеріміз Хабиболла Ғазизов жетекшілік етеді.
Міне, «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» – деп осыны айт. Ардагерлер кеңесімен қоян-қолтық жұмыс жасап келе жатқан Қарттар алқасының болуы да өз нәтижесін беруде. Айта кетсек, аудандық полиция бөлімдерінде қатардағы жас сақшылардың таңдаған мамандығына деген қызығушылығын одан әрі арттыру мақсатында, ардагерлердің тарапынан тәлімгерлер бекітіліп өз жұмыстарын жалғастыруда. Сондай-ақ, ауылдық елді мекендерде ардагерлердің қатарынан округ әкімдері тағайындалды.
Қарап отырсақ, самайларын ақ басқан абзал жандардың жасап жатқан тіршілігіне тамсанасың. Жылдық жоспарға сәйкес атаулы күндер аясында Ардагерлер кеңесінің белсенділері елді мекендерді аралап, ардақты ардагерлерімізге құрмет көрсетуден жалықпайды. Осылайша Ақмола облысының ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан ардагерлер кеңесінің қызметі зейнеткерлік демалыста отырған абзал жандарға өмірге сеніммен қарауға өз септігін тигізуде. Оларға тек мықты денсаулық, қажымас қайрат, отбасыларына береке-бірлік тілейміз.
Амантай ЫСҚАҚОВА,
Ақмола облыстық полиция департаменті
жанындағы музей меңгерушісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар