Оқушылар тіл тақырыбына шығарма жазды

М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының көпшілік іс-шаралар және қоғаммен байланыс бөлімі Қазақстан халқы тілдері күніне арналған онкүндік аясында «Түркі тілдерінің ішіндегі жауһары – қазақ тілі» тақырыбында шығарма жазу байқауын өткізді.

Байқау онлайн форматта өтті, оқушылар байқауға ұсынатын жұмыстарын тиісті электрондық поштаға жіберді. Байқауға Көкшетау қаласының «Білім-инновация» мектеп-интернатының 10-11 сынып оқушылары қатысты. Олар «Тіл тағдыры – ел тағдыры» деген тақырыпта шығарма жазды. Барлығы 9 оқушы қатысып, 11 «Б» сынып оқушысы Н.Маратов бірінші орынды, 11 «А» сынып оқушысы М.Даргенов пен 10 «Б» сынып оқушысы Н.Сейілбек екінші, үшінші жүлделі орындарды иеленді.
Байқауға қатысқан барлық қатысушыларға сертификаттар, ал, жеңімпаздарға дипломдар мен арнайы сыйлықтар табыс етілді.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

 250 total views,  2 Views Today

By admin

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Өзге де жаңалықтар