Аудандық мәдениет үйінде Қазақстан халқының Тілдері күні онкүндігінің салтанатты жабылу рәсімінде аудан әкімінің орынбасары Кенжебике Исмағамбетова жиналған қауымды Тілдер мерекесімен құттықтап, осы бағытта жақсы істерімен көзге түсіп жүрген тіл жанашырларын марапаттады.
Ауданның мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жанындағы тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен өткізілген «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік тірегі» атты аудандық онлайн-байқаудың қорытындысы бойынша қазылар алқасының сараптауы негізінде келесі жүлдегерлер анықталды.
Байқау қорытындысы бойынша аудан әкімі орынбасарының дипломымен келесі жүлдегерлер марапатталды. Олар: «Арна» серіктестігінің қызметкері Бекет Айбек – I орын, аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі модельдік балалар кітапханасының кітапханашысы Дагиман Еламан – II орын, «Балдәурен» бөбекжай-балабақшасының қызметкері Арайгүл Хуандых – III орынға ие болды. «Балдәурен» бөбекжай-балабақшасының қызметкерлері Ақмарал Жантемір және Алтынгүл Зейнел, Партизанка ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 6 сынып оқушылары Айымжан Қасенова және Аяулым Сабырова белсене қатысқандары үшін марапатталды. Сондай-ақ, эссе жазу бойынша жүлдегерлер қатарында аудандық мәдениет үйінің әкімшілік-шаруашылық жөніндегі менеджері Светлана Федотова – I орын, арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызмет алушысы Светлана Эккерман – II орыннан көрінді.
Салтанатты рәсім барысында мемлекеттік тіл, ағылшын тілдері курсын табысты аяқтаған тілдерді оқыту орталығының түлектеріне сертификат табыс етілді.
Әсел САБЫРОВА,
Бұланды аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жанындағы тілдерді оқыту орталығының директоры.