Ақмола облысында жанып жатқан пәтерден зейнеткер құтқарылды

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт биылғы жылғы қазанның 11-де түнгі уақыт 01:16 шамасында Шортанды ауданының Научный кентінде орын алған.

«Өрт Бараев көшесінің бойында орналасқан 2 қабатты, 8 пәтерлі тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтерден шықты. Жалын 30 шаршы метрді аумақты шарпыды. Өрт сөндірушілер жедел сатының көмегімен терезе арқылы пәтердің ішіне еніп, үй иесі 1961 жылғы әйелді құтқарды. Зейнеткер Шортанды аудандық ауруханасына жатқызылды. Сонымен бірге, бір адам эвакуацияланды», – деді ведомстводан.
Қазіргі кезде өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар