Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Pfizer-ді балаларға Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өзі ұсынып отыр – Манар Смағұл - АРҚА АЖАРЫ

Pfizer-ді балаларға Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өзі ұсынып отыр – Манар Смағұл

Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалы директорының орынбасары Манар Смағұл жасөспірімдер мен дүкті әйелдерді COVID-19-ға қарсы вакциналау туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Дамыған елдердің бәрі жасөспірімдер мен жүкті әйелдерге осы вакцинаны салып жатыр. АҚШ пен Ұлыбританияда аталған топтарды вакциналау тәжірибесі бар. Яғни, Pfizer вакцинасының тиімділігін біз іс жүзінде көріп отырмыз. Біріншіден, өлім-жітім жағдайлары азайған. Жалпы сырқаттану көрсеткіші де кеміген. Бұл вакцина 12 жастан асқан балалардың да, жүкті әйелдердің денсаулығына қауіп төндірмейді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өзі ұсынып отыр», – деген маман қазақстанда ересек адамдарға бүгінге дейін салынған вакциналардың тиімді болғанына тоқталды.

«Ресейлік, қазақстандық, қытайлық вакциналардың балалар мен жүкті әйелдер үшін қаншалықты тиімді екені белгісіз болғанымен, қазір қолдану мақсатына сәйкестігін көрсетіп отыр. Бұл жерде мынаны түсіну керек. Бізде бұған дейін ересектерге салынған вакциналарды балалар мен жасөспірімдерге салуға мүлдем тыйым салынған деуге болмайды. Өйткені олар аталмыш екі топқа сынақ ретінде егілген жоқ. «Спутник V» қазір осы мәселе бойынша сынақтан өтіп жатыр. QazVac-та бұл сатыдан өтеді. Нақты жасөспірімдер мен жүкті әйелдердің арасында сынақтан өткеннен кейін рұқсат мәселесі шешіледі. Менің ойымша оған сәл уақыт керек. Тиісті зерттеулер жақсы нәтиже берсе, оларды да аталмыш екі топқа қолдануымыз мүмкін. Ал әзірге Pfizer вакцинасы ғана осы екі топқа ұсынылған. Бұған қарап біздегі басқа вакиналар COVID-19 індетіне Pfizer вакцинасындай тиімді емес деген ой туындамауы керек. Біз қолданып жүрген вакциналардың бәрі вирусқа тиімді екенін уақыт көрсетті», – деді Манар Смағұл.

https://lenta.inform.kz/kz/pfizer-di-balalarga-duniezhuzilik-densaulyk-saktau-uyymynyn-ozi-usynyp-otyr-manar-smagul_a3847501

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар