Вячеслав Локшин: Балаларды ерікті вакциналау – қажет шара

Қазақстанның репродуктивті медицина қауымдастығының президенті, профессор Вячеслав Локшин балаларды ерікті вакциналаудың қажет шара екенін айтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«COVID-19 індеті әуелде әсіресе егде жастағы адамдарда ауыр өтсе, кейінгі кезде балалардың ағзасына да кері әсерін тигізуде. Балалар арасында COVID-19 індеті әрқалай өтіп жатыр. Ауыр жағдайлары да бар, «кавасаки синдромы» да кездесіп отыр, қантамырлардың қызметі бұзылуда. Сондықтан, өте тез бейімделгіш індеттің алдын алатын жалғыз жол вакцинация болып тұр. Бұдан әлемді вакцина ғана құтқара алады», – деген маман бүгінде көптеген елде балалар мен 15-тен асқан жасөспірімдерді вакциналай бастағанын еске салды.

«Қытайда тіпті 3-тен асқан балалардың бәрін вакциналап жатыр. АҚШ пен Израиль 12 жастан бастап вакциналауға көшті. Бұл тұрғыда ешқандай бір ерекше тәуекел жоқ екенін айту керек. Өйткені қолданылып жатқан вакцина адам ағзасында сынақтан өткен. Оның ішінде жүкті әйелдерге де салынды. Жер шарында ондаған мың бала вакцина қабылдап үлгерді. Кейбір елдерде осы жастағы балалардың жартысы екпе алды. Әрине, вакцинация ата-аналардың рұқсатымен жүргізілуі керек. Вакцина ауруға шалдықпаудың немесе ауруды оңай өткерудің жалғыз жолы екенін түсіну керек. Сондықтан балалар мен жасөспірімдерді ерікті вакцинациялау өте қажет», – деді Вячеслав Локшин.

https://lenta.inform.kz/kz/vyacheslav-lokshin-balalardy-erikti-vakcinalau-kazhet-shara_a3847486

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар