Қазақстандықтар төлем карточкалары арқылы жасалған 10 операцияның 9-ын қолма-қол ақшасыз жүргізді

Қазақстандықтар 2021 жылдың 8 айында төлем карточкалары арқылы 56,3 триллион теңгеге 4 миллиард операция жүргізді, бұл 2020 жылдың осы кезеңіндегі көрсеткіштерден 2,2-ге, яғни, 2 есе көп.
Төлем карточкалары арқылы жасалған 10 операцияның 9-ы қолма-қол ақшасыз орындалды. 2021 жылдың қаңтар-тамыз аралығында қазақстандық эмитенттердің төлем карточкалары арқылы 43,2 триллион теңгеге 3,8 миллиард қолма-қол ақшасыз операция жүргізілді, бұл 2020 жылдың осы кезеңіндегі көрсеткіштерден тиісінше 2,4, және 2,3 есе асады.
Қолма-қол ақшасыз операциялар көлемінің жалпы құрылымында онлайн-операциялардың үлесі өскені байқалады. Осы жылдың қаңтар-тамыз аралығында қолма-қол ақшасыз операциялардың 67 пайызы интернет арқылы немесе мобильді қосымшалар арқылы жүргізілді (2,5миллиард операция). Халықтың қолма-қол ақшасыз операциялары көлемінде онлайн-операциялар үлесі 83 пайызға дейін өсіп, 35,9 триллион теңге болды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар