Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бізді ортақ мүдде, бір тілек біріктіреді - АРҚА АЖАРЫ

Бізді ортақ мүдде, бір тілек біріктіреді

Рухани келісім күні – бұл ерекше жылылық пен үйлесімділікке толы мереке. Бейбітшілік пен келісімде өмір сүру бізді жақсылықтарға жетелеп, жаңа жобалар жасауға күш береді. Бұл жобалардың барлығын «Ақмола облысының орыс қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясының қолдауымен жүзеге асырады.

Елімізді жайлаған пандемияға байланысты карантиндік шараларды жеңілдеткеннен кейін, біз биыл бірнеше ірі іс-шара өткізуге мүмкіндік алдық. Сөйтіп, Славян жазулары мен мәдениеті күніне арналған «Тегіңді ұмытпа және тарихыңды есте сақта» атты тақырыптық кездесу өтті. Оған Парламент Мәжілісінің депутаты Наталья Дементьева, Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясының мүшелері, дін өкілдері, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушылары қатысты. Кездесуге қатысушылардың барлығы бірауыздан мемлекеттік және орыс тілдерін білу арқылы өзін-өзі тануға үлкен мүмкіндіктер береді және әлемдік мәдениет пен әдебиеттің қазынасына даңғыл жол ашады деген пікірде. Кездесудің соңында жаңа шіркеу аумағына ағаш отырғызу бойынша акция өткізілді.
Орыстың ұлы жазушысының туған күніне орайластырылған «Пушкин оқулары» облыстық балалар онлайн байқауы да үлкен сүйіспеншілікпен өтті. Сүйікті ақынының өлеңдерін оқыған балалардың бейне жазбалары орыс қауымдастығының Инстаграмдағы аккаунтында жарияланды. Әр балаға кәдесый табыс етіліп, жеңімпаздарға спорттық тауарларды сатып алуға ақшалай сертификаттар берілді. Байқауға қазақ тілінде оқитын сынып оқушылары да қатысты. Бұдан шығатын қорытынды, әдебиет пен шығармашылықта шекара жоқ.
Үш жыл бойы бірлестік «Біздің күш – бірлікте!» атты орыс-казак әнінің республикалық фестивалінің бастамашысы және ұйымдастырушысы болып келеді. Көрермендерді шығармашылықпен қуантып, игі іске өз үлесін қосуға еліміздің әр аймағынан ең үздік фольклорлық ұжымдар келді. Концерттерден түскен барлық қаражат Көкшетаудағы православие шіркеуінің құрылысына «Жаңа собор» қоғамдық қорына аударылды. «Ақмола облысының орыс қауымы» қоғамдық бірлестігі негізінде Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің жа лпы тіл білімі кафедрасы филиалының ашылуы маңызды оқиға болды. Еліміздің оңтүстік өңірлерінен келген «Серпін» мемлекеттік бағдарламасының грантына ие болған балалар біздің Достық үйіне келіп, өздері туралы әңгімелеп берді, фольклорлық ансамбльдің орындауында орыс, украин, қазақ әндерін тыңдап, «Орыс әні» және олар Брусиловскийдің «Шолпан» әнін барлығы бірге шырқады.
Қазан айының басында орыс қауымы студенттер мен орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері үшін «ТеАРТ-Көкше» ІІІ Халықаралық театр фестивалінің қойылымдарын тамашалай отырып, «Театр апталығын» ұйымдастырды. Біздің алдымызда үлкен бірлескен жоспарлар бар. Облыс демеушілері мен тұрғындарының қайырымдылық қаражатына салынған «Воскресения Христова» соборының салтанатты ашылуы рухани келісімнің нағыз символына айналды. Әр түрлі конфессиялардың өкілдері бір-біріне сондай құрметпен қарайды, олар адамдарды қалай жылы қарсы алады, сенімнің, толеранттылық пен жомарттықтың маңыздылығы туралы шынайы сезіне біледі. Жастар мұны көріп қана қоймай, қоғамның дәстүрлі құндылықтарын бойына сіңіре де біледі.
Мереке қарсаңында қиын-қыстау кезде де көмек қолын созып, қуанышымызға ортақтасуға дайын тұратын түрлі ұлт пен ұлыстар арасындағы адал достығымыз үшін қуанамын. Барлық ақмолалықтарға бейбітшілік пен береке-бірлік және өркендеу тілеймін. Рухани келісім күні бірлік пен мейірімділіктің, қайырымдылық пен өркендеудің күндеріне айналсын.

Александр Артеменко,
Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі,
«Ақмола облысының орыс қауымы» төрағасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар