Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Сәлем, Елорда!» республикалық өнер шеруінің салтанаты - АРҚА АЖАРЫ

«Сәлем, Елорда!» республикалық өнер шеруінің салтанаты

Көкшетау қаласындағы «Достар» мәдениет сарайында Қазақстан Рес-публикасы Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешовтің қатысуымен «Сала серпілісі – біздің бірлігімізде!» тақырыбындағы консультативтік кездесуі болып өтті. Кездесуге облыс әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова қатысып, сөз сөйледі.

Биыл Көкшетау қаласы Қазақстанның мәдени астанасы ретінде бекітіліп, осыған орай Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Алматыдан бастау алған «Сәлем, Елорда!» ІІ республикалық өнер шеруі ағымдағы жылдың 12-14 қазан аралығында гастрольдік сапармен Көкшетауда жалғасын тауып, көкшелік өнерсүйер қауымның қошеметіне бөленді. Кездесуде алдымен, сөз алған Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов:

– Баршаларыңызды Сәкен жырға қосқан кербез Көкшеде аман-есен көргеніме қуаныштымын. Биылғы жылы тұңғыш рет мәдени астана жобасын енгізген болатынбыз. Соған сәйкес Көкшетау қаласы Қазақстанның 2021 жылғы мәдени астанасының жеңімпазы болып танылуына орай, «Сәлем, Елорда!» эстафетасын қабылдап отыр. Жоба аясында Ақмола облысында 300-ге тарта іс-шаралар өтті. Бұл республикалық облыстық деңгейлерде әлі де жалғасуда. Келесі жылы да облыстардың ұсыныс-тілектерін ескеріп, мәдени жұмыстарды бағалай отырып, мәдени астана мәртебесін анықтайтын боламыз. Бұл «Рухани қазына» республикалық фестивалі аясында 16 мамыр – мәдениет күніне сәйкес жоспарланып отыр. Сондай-ақ, осы сәтті пайдалана отырып, аталмыш ауқымды жобаға қолдау көрсеткені үшін Ақмола облысының әкімдігіне, облыстың Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына, Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясына, өңірлерден келген барлық әріптестеріме зор құрметпен алғысымды білдіремін, – деген ол, «өздеріңізбен бірге алдағы уақытта да маңызды шараларды бірлесе ұйымдастырып, келелі кездесулерді өткіземіз», – деп қосты.

Облыс әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова:
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Халық бірлігі мен жүйелі реформалар – елдің өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының алдағы кезеңге арналған басым мақсаттарын айқындап берді. Тәуелсіздігімізді жариялау арқылы біз осылайша ата-бабаларымыздың сан ғасырлық арманын орындағанымызды атап өтті. Сонымен қатар, ел Президенті өз Жолдауында дарынды жастардың жобаларын қолдауға және іске асыруға бағытталған шаралар кешенінің дайындалғанын жариялағаны бізді қуантпай қоймады, – дей келе, Көкше аспанын әнмен күйге бөлеген өнер ұжымына ризашылығын білдіріп, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігімен «Көкшетау – Қазақстанның мәдени астанасы» болып жариялануына орай бір жыл бойы еліміздің барлық өнер ұжымдары бас қосатыны біз үшін үлкен абырой және жауапкершілік, – деп атап өтті.

Одан әрі сөз сөйлеген Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының директоры Жеңіс Сейдоллаұлы: – Құрметті көкшеліктер, «Сәлем, Елорда!» ІІ республикалық өнер шеруі аясында сіздермен қауышқанымызға өте ризамын. Өздеріңізге белгілі, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен біздің «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы жанындағы республикалық концерттік-гастрольдік қызмет орталығы 2020 жылдан бастап «Сәлем, Елорда!» республикалық өнер шеруін өткізіп келеді. Өнер шеруінің негізгі мақсаты – республиканың барлық аймақтарындағы мәдениет саласының қызметкерлері мен мамандары үшін шеберлік сағаттарын өткізіп, тәжірибе алмасудың жаңа алаңын ұсыну. Аталмыш өнер мерекесі биылғы жылдың мау-сым айында Алматы облысы мен Алматы қаласының аумағында кең көлемде ұйымдастырылды.

Оған өңірлік филармония-лар мен концерттік ұйымдардың режиссерлары, жарық пен дыбыс қоюшылары үшін шеберлік сағаттары өткізіліп, барлығы 100-ге жуық әріптестеріміз тартылды, – деген Жеңіс Сейдоллаұлы Ақмола облысының аумағында үш күн бойы өткізілген өнер шеруінің шеберлік сағаттарына облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардан, әр өңірден 5 аудандық кітапхана меңгерушілері, өңірлік филармониялар мен концерттік ұйымдардың, Халық шығармашылығын дамыту орталықтарының хореографтары мен балетмейстрлері, арт-менеджмент және ақпарат саласына жауапты мамандары шақырылып, тәжірибе алмасқанын, жалпы алғанда, аталған 4 бағыт бойынша 200-ден астам маман шеберлік сағаттарына қатысып, сертификаттарға ие болғанын атап өтті. Сондай-ақ, «Сәлем, Елорда!» жобасының іс-шаралары үлкен гала-концертпен Тәуелсіздік күні қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласында қорытындыланатынын жеткізді.

Сонымен, кездесу барысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау, Ақмола облысының Тәуелсіздік жылдарындағы мәдени дамуы, ауылдық клубтар мен мәдениет үйлерінің өзекті мәселелері төңірегінде баяндамалар жасалып, саланы серпілту бағытында ұсыныс-пікірлер тыңдалды. Барлық шеберлік сағаттарына спикер ретінде кәсіби, білікті мамандар тартылды. Олардың басым бөлігі Мәдениет және спорт министрлігінің және министрлікке бағынысты мекемелерден шақырылған болатын.

Атап айтқанда, Министрліктің баспасөз қызметінің жетекшісі Әсел Серікпаева, Министрлік сайтының жетекшісі Мейрамхан Жәпек, Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры Бақытжамал Оспанова, осы кітапхана директорының орынбасары Нұрия Исқалиева мен ғылыми-әдістемелік қызметінің басшысы Гүлмира Махамбетова, Қазақ Ұлттық хореография академиясының аға оқытушылары Алила Алишева, Әсел Абакаева, Алмат Шәмшиев секілді мамандар тәжірибелерімен бөлісті. Сондай-ақ, білікті PR маманы Рашид Закиев пен Қазақ Заң университеті Бизнес-мектебінің МВА бағдарламасының үйлестірушісі Самат Панов та ерекше үлес қосты.

Вице-министр Нұрғиса Мұратұлы кездесуге қатысқан облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар филармониялары мен концерттік ұйымдарының, еліміз бо-йынша Халық шығармашылығын дамыту орталықтарының директорлары, өнер шеруі аясында өткізілген шеберлік сағаттарына шақырылған мамандардың ұсыныс-тілектерін ыждаһаттылықпен тыңдап, сұрақтарына жауап беріп отырды. Сонымен қатар, дәл сол күні өткен республикалық көркемдік кеңесте де мәдениет саласына байланысты көптеген түйткілді мәселелер талқыланып, республикамыздың барлық облыстарынан келіп, консультативтік семинарларға қатысқан хореографтар мен кітапханашыларға сертификаттар табыс етілді.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар